Атырау, 18 мамыр 02:39
 ашықВ Атырау +24
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30

13 күннің дауы

2 967 просмотра

- Мен вахталық әдіспен 28 де 28 күндік кестемен жұмыс істеймін. Қазір бізді осы кесте бойынша жұмыс істеуге келісеміз деп арыз жазуға мәжбүрлейді. Бірақ жақында ғана заңнамаға вахта 15 күннен аспауы керек деген түзетулер енгізілді ғой. Жұмыс беруші біздің компаниямызда басқа жақтан келіп жұмыс істеушілер көп екенін, олардың көлік шығындарын төлеу тиімсіз екендігін айтып ақталады. Өз құқығымызды қорғау үшін қайда жүгінеміз? Шағымданамыз десек, бізді ауызша «ең нашар жұмысшылар» тізіміне енгіземіз деп қорқытады, әрі қарай жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін.

Телефон арқылы

 

Сұраққа Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының жетекшісі Салават ИШАЙ жауап берді:

– ҚР Еңбек Кодексінің 212-бабының 2-тармағына сәйкес, вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк 15 күннен аспауы тиiс. Жекелеген нысандарда вахтаның ұзақтығы қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек және (немесе) ұжымдық шартқа сәйкес күнтiзбелiк 30 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Осы келісім болған жағдайда жұмыс беруші жұмысшылармен бұрынғы шарттармен еңбек қарым-қатынасын жалғастыруға құқылы.

Жұмысшыларды 28/28 вахталық режимде жұмыс жасау туралы жазбаша келісімге қол қоюға мәжбүрлеу фактісі сот тәртібімен қарастырылады.

6 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.