– Мен жалғызбасты анамын. №4 нысанды анықтамада сәбидің әкесінің аты-жөні деген жерде әкемнің есімі көрсетілген. Шетелге, атап айтқанда, Еуропаға шығу үшін әкемнен сенімхат қажет пе? Мен биылғы демалысымды жоспарлаған едім, алайда турфирмадағылар баламды бірге алып шығу үшін әкемнің жазбаша келісімі қажет дейді.
Телефон арқылы
Сұраққа көші-қон полициясы басқармасының құжаттау және тіркеу бөлімінің бастығы Анар ЕСҚАРИЕВА жауап берді:
– Егер әйелдің жалғызбасты ана екендігін растайтын анықтама бар болса, онда сәбиді шетелге шығару үшін әкесінің келісімі қажет емес.
Естеріңізге саламын, алыс шетелге, атап айтқанда Еуроодақ елдеріне шыққан кезде кез келген жастағы сәбидің өз төлқұжаты талап етіледі. Өйткені ата-анасының төлқұжатына сәбидің фотосуреті жапсырылған төлқұжатты Түркия секілді аз ғана елдер қабылдайды.
В Атырау +3