Атырау, 6 желтоқсан 09:05
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Арнайы мақсаттағы жер телімі

2 801 рет қаралды

– Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) мен жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) мақсатындағы жер телімдерінің айырмашылығы қандай? ЖҚШ мақсатындағы учаскеге салынған жылжымайтын мүлікті банкке кепілзат ретінде салуға бола ма?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық жер қатынастары басқармасының жер телімдерін беру және алу бөлімінің басшысы Гүлзия ҚҰРМАНОВА жауап берді:

– ЖТҚ-ға арналған телім жеке тұрғын үй салуға арналған. ҚР Жер кодексінің 12-бабына сәйкес, жеке қосалқы шаруашылық - ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесінде өз қажеттерін қанағаттандыруға арналған қызмет түрі. Мәселен, сіздің үйіңіз орналасқан шағын теліміңіз бар делік. Сіз бақша салғысы келеді, бірақ салатын жері жоқ. Егер іргелес жатқан телім бос жатқан болса, ол жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін осы телімді бөлуге өтініш бере алады. Мұндай телімдер ауылдық жердегі және қала маңындағы жерлерден ғана беріледі. Сұрақтың екінші бөлігіне келер болсақ: ЖҚШ теліміне салынған жылжымайтын мүлікті кепілзатқа салуға бола ма деген сұрақты банкирлерге қойған дұрыс деп ойлаймын. Әрбір банктің өз шарттары болатыны сөзсіз.

30 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.