Атырау, 6 желтоқсан 09:05
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Келісім-шартта көрсетіледі

1 584 рет қаралды

– Біздің мекемеміз сатып алған тауарлар мен қызметтерді (кеңсе тауарлары, тамақ, кеңсеге арналған жиһаз, жанармай және т.б.) POS-терминалмен төлеу үшін банктен ЖШС-нің атына корпоративті кәртішке ашты. Кәртішке үшін салық басқармасы алдында қандай жауапкершілікте боламыз? Айлық лимит бола ма? Осы кәртішкені қолдану үшін қандай салықтар төлеуге тиіспіз?

Айгүл Ардаққызы

Сұраққа Атырау облыстық салық департаменті басшысының орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВА жауап берді:

– Кез келген шотты, соның ішін-де екінші деңгейлі банктердегі кәртішкелік шотты ашу туралы мәліметтер автоматты түрде салық қызметінің дерекқорында бейнеленеді. Бірақ салық қызметінің алдында ЖШС-нің кәртішке үшін ешқандай жауапкершілігі болмайды. Салық қызметі кәртішкедегі ақшалай қаржыға ешқандай лимит белгілемейді және осы ақшалай төлем қаржыларын пайдаланғаны үшін салық салмайды.

Ұлттық банктің Атырау филиалындағыларбұл шарттардың әдетте банк пен оның клиенті өзара жасайтын келісімшартта айтылатындығын хабарлады.

30 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.