Атырау, 3 қыркүйек 09:21
 дождьВ Атырау +17.9
$ 455.40
€ 526.99
₽ 5.25

Ортақ тәртіпке бағыну

2 337 рет қаралды

- Қаладағы балабақшаларға таңертеңгі уақытта балаларды қабылдауды сағат 9.00-ге дейін ұзартуға болмай ма? Ең болмаса, қысқы уақытта, себебі таңертеңгі уақыт қараңғы және көлікпен жету қиындық туғызып жатады.

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық білім бөлімінің басшысы Алпамыс ҒИЛЫМОВ жауап берді:

- ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Балабақшаның типтік ережесі, Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 28 қарашадағы №628, бекітіліп, қолданысқа енгізілген «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру» (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту) Стандартына сай, СанПИН-нің ережесіне сәйкес және күн тәртібінің уақытына байланысты (ертеңгілік жаттығу, таңғы ас) балабақша балаларды 9-дан бастап қабылдай алмайды.

16 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.