– Химпоселкедегі Сырдария көшесінде 3 қабатты жатақхана бар. Ол жерде су да, газ да жоқ. Бұрын осы жерде жұқпалы аурулар ауруханасы, содан кейін жылу берушілердің жатақханасы қоныс тепкен. Бұл ғимарат күреле ме?
Әлиева
Сұраққа қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ жауап берді:
– Сырдария көшесіндегі №1 көппәтерлі тұрғын үй – бұл ведомствоға қарасты жатақхананың бұрынғы ғимараты. Мемлекеттік тұрғын үй қорына берілген кезден бастап бүкіл пәтерді тұрғындар жекешелендіріп алды. Сол уақыттан бері пәтер қожайындары әлденеше рет өзгерді. Аталмыш үй апатты деп танылмаған және апатты үйлердің тізімінде жоқ.
Бұрынғы жатақхана пәтерлерінің қожайындары үйдің техникалық жағдайын тексеру үшін төмендегі тәуелсіз сарапшылардың біріне жүгіне алады:
1) «ҚұрылысКонсалтинг» АҚ, С. Жақсыбаев, Абай көшесі, 15-1А, телефон: 32-65-78;
2) «Цинк И. П.» ЖК, Абай көшесі, 15-1А, телефон: 32-04-15, 8 701 566 84 18;
3) «ЗапКазЭсперт» ЖШС, Ж. Б. Әміров, Жарбосынов көшесі, 62, телефон: 20-34-99;
4) «АССАМ» ЖШС, А. У. Оразғалиев, Азаттық даңғылы, телефон: 8 701 566 15 97, 8 701 794 98 17;
5) «Есеналиев Даут» ЖК, Мол-дағалиев көшесі, 31, 1-кеңсе, телефон: 45-37-12, 8 701 354 78 47;
6) Теміржан Картимов, Авангард, 4 м/а, 18-32, телефон: 21-13-40, 8 701 907 29 42.
В Атырау +3