Сұрақ-жауап Асфальт төселеді - Өркен ықшам ауданындағы №38 көше қашан асфальтталады? - Жұмыскер-1 ықшам ауданындағы №156 үй орналасқан көшеге асфальт қашан төселеді? - Балықшыға іргелес жатқан Холодильник ауылына асфальт төсеу қашан жүзеге асады? 8 мамыр 2014, 00:00 2 626 просмотра
Сұрақ-жауап «Бомбилалар» бөгеп тұр - Такси жүргізушілерінің автобус аялдамаларында автокөлікті тұраққа қойғандай ұзақ тұруына құқы бар ма? Қаламызда мұндай жиі кездеседі. Осыны реттеуге бола ма? 8 мамыр 2014, 00:00 1 725 просмотра
Сұрақ-жауап Сақ болыңыз, велосипедші! – Атырауда велосипедшілер көбейіп кетті, әсіресе, Жайық жағалауында. Соның салдарынан серуендеп жүрген адамдарды қағып кетеді. Осыған байланысты қандай шаралар алынуда? 1 мамыр 2014, 00:00 1 703 просмотра
Сұрақ-жауап Телім бар,жағдай жоқ - Самал ықшам ауданына газ, жарық, су желілері қашан жүргізіледі? 1 мамыр 2014, 00:00 1 934 просмотра
Сұрақ-жауап Бағдаршам қалпына келтіріледі – 26 наурызда Атырау - Доссор және Атырау – Индер тас жолдарының қиылысында КамАЗ бен «Опель» көліктері соқтығысып қалды, соның салдарынан бір әйел адам ауруханаға түсті. Қиылыстағы бағдаршам жұмыс жасамайды. Неліктен осыншама маңызды көлік тармағында қозғалысты реттейтін негізгі құрал жұмыс жасамай тұр? 1 мамыр 2014, 00:00 2 928 просмотра
Сұрақ-жауап Бұл - ПИК жұмысы - Привокзальныйдағы 5 мөлтек аудан, №19 үйде тұрамын. Үйдің жағдайы нашар, терезеден су ағады. Қыста үй салқын. Үйдің шатырын ауыстырып, күрделі жөндеуден өткенін қалаймыз. Бұл жұмыстар жоспарланған ба? 1 мамыр 2014, 00:00 1 940 просмотра
Сұрақ-жауап Тағы да терможаңғырту туралы - Абай көшесіндегі №15 үйге терможаңғырту жұмыстары қашан жүргізіледі? Бізде ПИК жоқ, жәй жөндеу жұмыстарын жыл сайын өзіміз жүргізіп келеміз, енді күрделі жөндеу керек, шатыр ауыстыруды қажет етеді. 1 мамыр 2014, 00:00 2 354 просмотра
Сұрақ-жауап Бәріне жеңілдік жоқ – Мен МРТ, КТ, ИФА талдамаларына көрсетілімдер мен жолдама бойынша мемлекет тегін тексерілуге қаржы бөледі деп оқыдым. Біздің емханадағылар бұл тексерулер үшін мемлекет тек азаматтардың белгілі бір санаттарына ғана: І және ІІ топ мүгедектеріне, батыр аналарға және 18 жасқа дейінгі балаларға төлейтіндігін растап отыр. Осы рас па? Зейнеткерлер мен жұмыссыздар (жұмыспен қамту бөлімінен анықтама бар) үшін жеңілдіктер бар ма? 24 сәуір 2014, 00:00 2 600 просмотра
Сұрақ-жауап Сынама -вакцина емес – Мен 10 жастағы балама Манту сынамасын салғанға қарсымын. Ал мектепте менің бас тартуымды нотариалды түрде куәландыруымды талап етіп отыр. Мектеп әкімшілігі осындай құжат талап етуге құқылы ма? 24 сәуір 2014, 00:00 2 899 просмотра
Сұрақ-жауап Сенбілік ерікті түрде – Мен бюджет қызметкерімін. Жыл сайын қалада күзгі және көктемгі маусымда қаланы санитарлық тазарту жөнінде екі айлық жарияланады. Бұл жұмысқа көп жағдайда бюджеттік мекеме қызметкерлерін тартады. Неліктен мен, басқа әріптестерім секілді, демалуға бөлінген заңды уақытымды қоғамдық жұмыстарға жұмсауға мәжбүр боламын? Неліктен бұл жұмысқа шығу деп есептелмейді және еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес төленбейді? 24 сәуір 2014, 00:00 7 147 просмотра
Сұрақ-жауап Емханалардың өзара көмегі – №5 емханада рентген аппараты бұзылып қалып, пациенттерді №1 емханаға жіберуде. Ол жерде бізден 500 теңге төлемақы талап етіп отыр. Бұл процедураны кім төлеуі тиіс – емхана ма, әлде пациенттер ме? 24 сәуір 2014, 00:00 1 925 просмотра
Сұрақ-жауап Киімге қарап қарсы алып... – Құрманғазы ауданындағы поселкелердің бірінде тұратын танысым отбасына атаулы әлеуметтік көмек алу жөнінде поселкелік әкімдікке жүгінген. Бірақ оған тәуір киім киінгенін желеуретіп, бас тартқан. Оның күйеуі «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп, 20 000 теңге, үш баласына 1 700 теңгеден жәрдемақы алады. Өз баспаналары жоқ. Оларға атаулы әлеуметтік көмек тиесілі ме? Адамның сыртқы түрі үшін көмек рәсімдеуден бас тарту заңды ма? Олар қайда хабарласа алады? 24 сәуір 2014, 00:00 3 557 просмотра
Сұрақ-жауап Төзуге күші қалмаса – 1 сәуірде мен №4 емханаға барып, хирургтың қабылдауына кірмек болдым. Тіркеу бөліміндегілер менің амбулаториялық кәртішкемнің жоғалып кеткенін айтып, жаңа кәртішке ашу үшін 500 теңге төлеу керектігімді айтты. Біреудің салақтығы үшін мен неге ақша төлеуім керек және пациент үшін өте маңызды құжат қалай жоғалып кетуі мүмкін? 24 сәуір 2014, 00:00 1 788 просмотра
Сұрақ-жауап Жеке тұтынатын тауар тәртібі – Қытайға шоп-турға бармақшы едім. Өзіммен бірге жеке пайдалану үшін қандай мөлшерде тауар әкеле аламын? Егер мен нормадан асырып жіберсем, төлейтін баж салығының мөлшері қандай? Әуе және темір жол көліктерімен тауар әкелуде айырмашылықтар бар ма? Жеке пайдалануға арналған тауарларға кедендік декларация толтыру қажет пе? 17 сәуір 2014, 00:00 2 558 просмотра
Сұрақ-жауап Айыппұл төлейді – Қала көшелерінде ксенон шамдары, күңгірттелген әйнектері мен ықшамдалған серіппелері бар көліктер саны көбейіп кетті. Бұл жол қозғалысы ережесін бұзу болып табылмай ма? 17 сәуір 2014, 00:00 3 067 просмотра
Сұрақ-жауап Көшенің жарығы керек - «Ақ Депода» №9 мектеп жанындағы Мұхтар Бақтыгереев көшесіне (бұрынғы Свердлов көшесі) жарық қашан жүргізіледі? 10 сәуір 2014, 00:00 1 910 просмотра
Сұрақ-жауап Қарулы ханым – Алты жыл бұрын өзімді қорғау мақсатында электрошокер сатып алдым. Жақында электрошокерді алып жүру үшін атылатын қару секілді рұқсат керек екенін білдім. Осы рас па? Бұл рұқсатты алудың қажеттілігі қандай? Менде электрошокердің ешқандай құжаттары сақталмаған болса, маған рұқсат бере ме? 10 сәуір 2014, 00:00 2 057 просмотра
Сұрақ-жауап Топтан шығара ма? - Менің кішкентай сәбиім дүниеге келгенде оған туабітті жұмсақ таңдай (врожденное мягкое нёбо) диагнозы қойылған болатын. 2010 жылы ота жасатқанға дейін балам мүгедек ретінде тіркелген болатын. Ал ота жасалған соң баланы мүгедектік топтан шығару керек дейді. Осы рас па? 10 сәуір 2014, 00:00 1 921 просмотра
Сұрақ-жауап Салықтар кімге тиесілі? – Мен шетелдік компанияның қызметкерімін, шетелде жұмыс жасаймын. Менің жалақымнан компания табыс салығын ұстайды және мен жұмыс жасайтын елге төлейді. Мен Қазақстанда табыс салығын төлеуге міндеттімін бе? 10 сәуір 2014, 00:00 2 151 просмотра
Сұрақ-жауап «Тізімге енгіземіз» - Қазіргі Қалимов көшесіне (бұрынғы Прибойный көшесі) асфальт қашан толық төселеді? 10 сәуір 2014, 00:00 1 794 просмотра
Сұрақ-жауап Бөгделер аяқ баспайды – Өзен маңынан жаңа тұрғын үй кешені берілген уақыттан бастап мен балаларымды сол жердегі балалар ойын алаңына апарып жүрдім (біз өзіміз ол жерде тұрмаймыз). Бұрын ешқашан проблема туындаған емес. Бірақ жақында ПИК өкілдері бөгде жандарға балаларын алаңға апаруға тыйым салып, мұның жеке аумақ екенін желеуретті. Бұл үйде тұрмайтын адамдарға олардың аумақтарына келуге, олардың алаңдарына балалардың ойнауына тыйым салатын қандай да болмасын ереже бар ма? 3 сәуір 2014, 00:00 2 317 просмотра
Сұрақ-жауап Салық төлейтін уақыт – 2013 жылдың сәуірінде мен 8 жарым миллион теңгеге пәтер сатып алдым. Сол кезде доллармен есептегенде бұл сома 53 000 АҚШ долларын құрады. Алған уақыттан бастап (2014 жылдың ақпанында) жыл ішінде мен пәтерді 9 265 000 теңгеге саттым. Бұл долларлық баламамен (девальвация салдарынан) 50 000 АҚШ долларын құрады. Қазақстанда келісімдер теңгемен жүзеге асырылатындықтан, менде ұлттық валюта жағына қарай көбею тұрғысында айырмашылықтар болды. Бірақ іс жүзінде мен оны сатып алғаннан гөрі арзанға саттым. Оның үстіне Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығында бүкіл бағалар АҚШ долларымен белгіленеді. Осы жағдайда теңге айырмашылығынан табыс салығын төлеуге тиіспін бе? 3 сәуір 2014, 00:00 2 083 просмотра
Сұрақ-жауап Ауыстыру қиындығы – Немере қызым №12 балабақшаға барады. Мектепке дейінгі бұл мекемеде дайындық тобы жоқ және мектепке дайындалу үшін балалар балабақшадан кетіп, нөл сыныбында оқуды бастауы тиіс. Бірақ менің немеремнің денсаулығында кінәрат бар. Өткен жылы жүрегіне ота жасатқан еді. Оған әзірге мектеп режимі лайық емес. Осы негізде оны мектепке дайындайтын басқа балабақшаға ауыстыруға құқылымыз ба? 20 наурыз 2014, 00:00 2 165 просмотра
Сұрақ-жауап Көлік жоқ, салықтар бар – Марқұм күйеуімнің ескі «Запорожец» көлігі бар болатын. 2001 жылы ол бас сенімхатпен машинасын ағасына берді. Ағасы да қазір о дүниелік болды. Тірі кезінде машинаны бұзып, қосалқы бөлшектерге сатқан болатын. Бірақ маған әлі күнге дейін салық басқармасынан осы көлік үшін салық төлеу туралы хабарлама келеді. Мен жол полициясы басқармасына бірнеше рет бардым, сотқа үш мәрте жүгіндім. Қай жерде де бір жауап: осы көліктің қандай болмасын құжаттарын табу керектігін айтады. Ал менің қолымда «Запорожецтің» бірде-бір қағазы да, күйеуімнің ағасына жазған бас сенімхаты да жоқ. Тек қайтыс болғандығы туралы екі куәлік қана бар. Мен нотариалдық палатада болып, 2 мың теңге төледім, бірақ ол жерде де осы құжаттың көшірмесін таба алмады. Ондағылар көшірменің 6 жыл сақталатынын айтты. Көліктің көптен бері жоқ екенін қалай дәлелдей аламын? 20 наурыз 2014, 00:00 3 156 просмотра
Сұрақ-жауап Ресивермен көре аласыз – Өткен жылы сандық теледидар бүкіл облыс ор-талықтарында іске қосылатын болады деп хабарланғаннан кейін мен теледидарымның бұрауын келтіріп, бүкіл отбасымызбен сапалы таратылымды тамашалаған едік. Балалар «Балапан» телеарнасын ұнатып көретін болды. Бірақ бұл үш аптаға ғана созылды. Содан соң бәрі ғайып болды. Бастапқыда бұрауын дұрыс келтірмегеннен қиындық туған шығар деп ойлағанмын. Бірақ мәселенің стансаның өзінде екені анықталды. Не болды екен? 20 наурыз 2014, 00:00 1 690 просмотра