Атырау, 20 мамыр 05:21
 ашықВ Атырау +21
$ 510.78
€ 576.06
₽ 6.35

Асфальт төселеді

2 766 просмотра

- Өркен ықшам ауданындағы №38 көше қашан асфальтталады?

- Жұмыскер-1 ықшам ауданындағы №156 үй орналасқан көшеге асфальт қашан төселеді?

Қала тұрғыны

- Балықшыға іргелес жатқан Холодильник ауылына асфальт төсеу қашан жүзеге асады?

Ауыл тұрғындары

- Күні бүгінде Өркен (Жұмыскер-2) және Жұмыскер ықшам аудандарына, сондай-ақ,  Ақжайық (Холодильник) ауылының қалған көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттары жасақталып жатыр. Жасақталған жобалау-сметалық құжаты мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін аталған жұмыстарға жергілікті бюджеттен қаражат көзі сұратылады. Сұранысқа сәйкес қаражат көзі бөлінген жағдайда, аталған ықшам аудандардың қалған  көшелеріне  асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. 

- Өркен ықшам ауданындағы «Нұрас» дүкенінің алдындағы қиылыста пайда болған шұң-қырларды бітеуге болмай ма?

Ф.Ғилажев

- Қазіргі таңда «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ мамандары тарапынан Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі автокөлік жолы бойындағы ағымдық жөндеуді қажет ететін көшелер бойынша сұраныс берілді. Жергілікті бюджеттен қаражат көзінің бөлінуіне қарай жүзеге асады.

Сұрақтарға қалалық тұр-ғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркін ҒАЛИЕВ жауап берді.

8 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.