Атырау, 27 желтоқсан 17:12
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Топтан шығара ма?

1 922 просмотра

- Менің кішкентай сәбиім дүниеге келгенде оған туабітті жұмсақ таңдай (врожденное мягкое нёбо) диагнозы қойылған болатын. 2010 жылы ота жасатқанға дейін балам мүгедек ретінде тіркелген болатын. Ал ота жасалған соң баланы мүгедектік топтан шығару керек дейді. Осы рас па?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары Гүлнәр МЕҢДІҒАРИЕВА жауап берді:

- Медициналық әлеуметтік сараптама ҚР үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №750 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесі мен 2013 жылдың 2 тамызындағы ҚР Үкіметінің №771 толықтырулар мен өзгерістер енгізу қаулысына» сүйеніп жүргізіледі.

Қаулыда көрсетілгендей медициналық әлеуметтік сараптамада науқасты мүгедек деп танылғаннан кейін жеке оңалу бағдарламасы жасақталып, оңалту шараларын жүргізуге бағыт  беріледі.

Оңалту шараларының нәтижесінде туа біткен немесе жүре пайда болған ағза ақаулары толықтай немесе ішінара оңалтылып, отаның жасау қорытындысы бойынша тіршілік тынысының шектелуі болмай, бала әлеуметтік ортаға бейімделген жағдайда кезекті куәландыруда мүгедектік топ тағайындалмайды.               

Өкінішке орай, бұл жерде балаға қойылған толық диагноз және қандай ота жасалғаны, оның қорытындысы, отадан кейінгі баланың жағдайы бойынша дерек жоқ. Толықтай мағлұмат алу үшін МӘС бөліміне медициналық құжаттарыңызбен  келіп, кеңес алуыңызға болады.

10 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.