Атырау, 27 желтоқсан 16:19
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Сақ болыңыз, велосипедші!

1 704 просмотра

– Атырауда велосипедшілер көбейіп кетті, әсіресе, Жайық жағалауында. Соның салдарынан серуендеп жүрген адамдарды қағып кетеді. Осыған байланысты қандай шаралар алынуда?

Остап

Сұраққа облыстық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Жәнібек ШӘРІПОВ жауап берді:

– Жайық өзенінің жағалауы жаяу жүргіншілер аймағы болып табылады. Атырау қаласында велосипедшілер қозғалысына арналған велосипед жолдары жоқ. Велосипедшілердің жаяу жүргіншілерді қағып кету статистикасы жеке жүргізілмейді. Алайда әрбір факті бойынша жаяу жүргіншілер аймағының әрекет ету алаңына жеке тексеру жүргізіледі. Соның нәтижесі бойынша шешім қабылданады, соның ішінде әкімшілік жауапкершілікке де тартылады.

Атырау қаласындағы велосипедшілердің қозғалыс қарқындылығы мардымсыз. Облыс орталығындағы қазіргі инфрақұрылымды, яғни, көшелерді кеңейту, велосипедшілерге арналған жеке қозғалыс жолағын салу мүмкіндігінің жоқтығын ескерсек, жекелеген велосипед жолдарын жасау мүмкін емес.

1 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.