Атырау, 27 желтоқсан 16:55
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Ауыстыру қиындығы

2 166 просмотра

– Немере қызым №12 балабақшаға барады. Мектепке дейінгі бұл мекемеде дайындық тобы жоқ және мектепке дайындалу үшін балалар балабақшадан кетіп, нөл сыныбында оқуды бастауы тиіс. Бірақ менің немеремнің денсаулығында кінәрат бар. Өткен жылы жүрегіне ота жасатқан еді. Оған әзірге мектеп режимі лайық емес. Осы негізде оны мектепке дайындайтын басқа балабақшаға ауыстыруға құқылымыз ба?

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі бөлімінің бас маманы Светлана КӨШЕНОВА жауап берді:

– Әдетте баланы бір балабақшадан екіншісіне ауыстырған кезде біз қатар айырбас жүргіземіз: мектепке дейінгі мекемедегі сәбидің орнына ол баратын мектепке дейінгі мекемеден басқа сәби баруы тиіс. Осыған байланысты бұл процедураға біраз уақыт кетеді. Ол үшін орындарын ауыстырғысы келетін жандарды табу керек. Бірақ бұл жағдайда баланың денсаулығын және жасалған отаның ауырлығын ескере отырып, ата-аналар баланы жеңілдік кезегі тәртібімен басқа балабақшаға ауыстыруға құқылы. Ата-аналарға қалалық білім беру бөлімінің №7 кабинетіне хабарласып, еркін нысанда арыз жазып, оған операция жасалғандығын растайтын медициналық анықтамалармен бірге бүкіл қажетті құжаттарды қоса тіркеу қажет.

20 наурыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.