Атырау, 28 наурыз 02:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

Емханалардың өзара көмегі

2 062 рет қаралды

– №5 емханада рентген аппараты бұзылып қалып, пациенттерді №1 емханаға жіберуде. Ол жерде бізден 500 теңге төлемақы талап етіп отыр. Бұл процедураны кім төлеуі тиіс – емхана ма, әлде пациенттер ме?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас терапеві Алмагүл ҚАБДРАХМАНОВА жауап берді:

– №5 емханада қазіргі уақытта рентген аппараты жұмыс жасамайды, ал бүкіл пациенттер №3 емханаға жіберілуде. Өйткені №5 және №3 емханаларда бекітілген тұрғындардың тіркелімі бойынша қызмет көрсету келісімшарты бар. №5 емхананың пациенттері №3 емханаға жолдамамен барса, медициналық қызметті амбулаторияның өзі төлейді.

Қазір мамандар қажетті бөлшектерге тапсырыс беріп қойған, ол Атырауға мамырдың басында келуі тиіс.

24 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.