- Привокзальныйдағы 5 мөлтек аудан, №19 үйде тұрамын. Үйдің жағдайы нашар, терезеден су ағады. Қыста үй салқын. Үйдің шатырын ауыстырып, күрделі жөндеуден өткенін қалаймыз. Бұл жұмыстар жоспарланған ба?
Сағира Ғазизова
Сұраққа қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ жауап берді:
- Үйіңіздің шатыры ҚР «Тұрғын үй қатынастары» заңының 31-бабына сәйкес ортақ меншік (кондоминиум) болып табылады. Пәтер иелері жөндеу жұмыстарын «Бастама» ПИК-мен бірлесе жасаулары тиіс және жөндеу жұмыстарына әкімшілік тарапынан қаражат қарастырылмаған.