Атырау, 27 желтоқсан 16:29
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Бәріне жеңілдік жоқ

2 601 просмотра

– Мен МРТ, КТ, ИФА талдамаларына көрсетілімдер мен жолдама бойынша мемлекет тегін тексерілуге қаржы бөледі деп оқыдым. Біздің емханадағылар бұл тексерулер үшін мемлекет тек азаматтардың белгілі бір санаттарына ғана: І және ІІ топ мүгедектеріне, батыр аналарға және 18 жасқа дейінгі балаларға төлейтіндігін растап отыр. Осы рас па? Зейнеткерлер мен жұмыссыздар (жұмыспен қамту бөлімінен анықтама бар) үшін жеңілдіктер бар ма?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас терапеві Алмагүл ҚАБДРАХМАНОВА жауап берді:

– Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізімінде мемлекет тек халықтың белгілі бір топтарына: Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, ІІ және ІІІ топ мүгедектеріне, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған көпбалалы аналарға, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар сырқатқа шалдыққан (жұқпалы аурулар, СПИД және т.б.) пациенттердің көрсетілімдері бойынша ғана қымбат тұратын тексерулерді төлейді деп көрсетілген. Сонымен қатар, әскери комиссариаттың жолдамасы бойынша шақыртылғандар тегін тексеруден өтеді.

Алайда, мысалы, бас дәрігердің шешімімен емхана онкологияға күмәнданса немесе ауған соғысының сарбазын қажетті тексеруге жіберсе, осы медициналық қызметті толықтай немесе жартылай төлей алады. Жұмыссыздар үшін немесе азаматтардың басқа санаттары үшін ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған.

24 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.