Атырау, 27 желтоқсан 16:12
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Салық төлейтін уақыт

2 084 просмотра

– 2013 жылдың сәуірінде мен 8 жарым миллион теңгеге пәтер сатып алдым. Сол кезде доллармен есептегенде бұл сома 53 000 АҚШ долларын құрады. Алған уақыттан бастап (2014 жылдың ақпанында)  жыл ішінде мен пәтерді 9 265 000 теңгеге саттым. Бұл долларлық баламамен (девальвация салдарынан) 50 000 АҚШ долларын құрады. Қазақстанда келісімдер теңгемен жүзеге асырылатындықтан, менде ұлттық валюта жағына қарай көбею тұрғысында айырмашылықтар болды. Бірақ іс жүзінде мен оны сатып алғаннан гөрі арзанға саттым. Оның үстіне Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығында бүкіл бағалар АҚШ долларымен белгіленеді. Осы жағдайда теңге айырмашылығынан табыс салығын төлеуге тиіспін бе?

azh.kz сайтынан

Сұраққа Атырау облыстық салық комитеті басшысының орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВА жауап берді:

– «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР-ның 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99-IV Кодексінің 180-1-бабының 1-тармағына сәйкес, жеке тұлғаның, сондай-ақ, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық нысандарын өткізу кезінде туындайды. Салық төлеушілер салық есебін жүргізуді теңгемен жүзеге асырады. Сондай-ақ, 180-1-тармақтың 2-тармақшасына сәйкес, шетелдік валютада жеке тұлға алған немесе алуға тиесілі мүліктік табыс ҚР ұлттық валютасымен – теңгемен мүлік өткізілген уақытта келісімдер жасалған уақыттағы валютаның нарықтық бағамы қолданылып, қайта есептеледі.

Материалдармен жете танысқан салық қызметінің мамандары бұл жағдайда жеке тұлғада мүліктік табыс бойынша салықтық есептеме (нысан 240.00) ұсынатын міндеттеме туындайды деген тұжырымға келді. Оны ұсыну уақыты келесі есептік кезең жылындағы 31 наурызға дейін белгіленген.

3 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.