– Өткен жылы сандық теледидар бүкіл облыс ор-талықтарында іске қосылатын болады деп хабарланғаннан кейін мен теледидарымның бұрауын келтіріп, бүкіл отбасымызбен сапалы таратылымды тамашалаған едік. Балалар «Балапан» телеарнасын ұнатып көретін болды. Бірақ бұл үш аптаға ғана созылды. Содан соң бәрі ғайып болды. Бастапқыда бұрауын дұрыс келтірмегеннен қиындық туған шығар деп ойлағанмын. Бірақ мәселенің стансаның өзінде екені анықталды. Не болды екен?
azh.kzсайтынан
Сұраққа Атырау ОТРД бас инженері Қалихан ИБРАИМОВ жауап берді:
– Өткен жылы сандық теледи-дарды енді ғана іске қосқан кезде хабар таратылымы тікелей, сандық теледидар қабылдағыштарынсыз көрсетіл-ген еді. Бірақ біз егер теледидар сандық DVBT2 стандартын қолдайтын болса, онда «САМ-модуль» несие картасының көлеміндегі тюнерді қолдануға болады деп ескерткенбіз. Қалған теледидар аппараттарына сандық эфир қабылдағыш – ресиверді қосу керек болады. Сізге осы жабдықты алып, бұрауын келтіру керек. Сол кезде ешқандай кедергісіз сандық теледидардың артықшылықтарын тамашалай аласыз.