Атырау, 27 желтоқсан 16:38
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қарулы ханым

2 058 просмотра

– Алты жыл бұрын өзімді қорғау мақсатында электрошокер сатып алдым. Жақында электрошокерді алып жүру үшін атылатын қару секілді рұқсат керек екенін білдім. Осы рас па? Бұл рұқсатты алудың қажеттілігі қандай? Менде электрошокердің ешқандай құжаттары сақталмаған болса, маған рұқсат бере ме?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық ІІД ӘКБ-ның лицензиялау және қарудың айналымына бақылау жасау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Талғат ӨСИЕВ жауап берді:

– Электрошокерлер, шынымен де, өзін қорғау үшін пайдаланатын азаматтық қару санатына жатады және ішкі істер органдарының рұқсатымен беріледі. Электрошокерді заңды иелену үшін рұқсат рәсімдеп, оны ішкі істер органдарына тіркеу керек. Ол үшін медициналық комиссиядан өтіп, медициналық анықтама (108 нысан) алу керек. Осы затты үйде сақтау үшін сейф болу тиіс. Оның сәйкестігі учаскелік инспектор жасақтаған актімен расталуы керек. Сонымен қатар «Динамо» спорт қоғамынан электрошокерді пайдалану ережесі бойынша нұсқамадан өтуі, мемлекеттік баж салығын төлеуі керек болады. Осы құжаттардың барлығын мекенжайы бойынша ішкі істер органдарына тапсыруы керек. Электрошокерді алу үшін алдымен лицензияны, содан соң оны сақтауға және ұстап жүруге рұқсат алу қажет.

Рұқсат құжаттары жоқ электрошокер қожайындары міндетті түрде мекенжайы бойынша ішкі істер органдарына жүгініп, өзін қорғау құралын тіркетуі керек. Егер ол ерікті түрде келсе, оған ешқандай жауапкершілік қаупі жоқ. Ал қазіргі уақытта ол іс жүзінде заң бұзушы болып табылады. Электрошокерді рұқсат құжатсыз сақтау және ұстап жүру фактісі анықталған жағдайда электрошокер тәркіленіп, оның қожайынына 10 АЕК-ке дейін айыппұл төлеу қаупі төніп тұр.

10 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.