Атырау, 14 қаңтар 11:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 528.52
€ 539.14
₽ 5.17

Телім бар,жағдай жоқ

1 944 просмотра

- Самал ықшам ауданына газ, жарық, су желілері қашан жүргізіледі?

Сұраққа қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Батыржан МҰСАҚАЕВ жауап берді:

- Самал ықшам ауданынан 2008 жылдары тұрғындарға үй құрылысын салу үшін жер телімдері берілген болатын. Аталған жер телімдеріне белгіленген тәртіпке сәйкес жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, барлық коммуникация жүргізілді. 2010 жылы сол Самал ықшам ауданынан тұрғын үй құрылысына қосымша жер телімдері берілген. Алайда бұл жер телімдеріне жүргізілетін коммуникациялар жоғары аталып өткен жобалау-сметалық құжаттамаға енгізілмей қалған. Сол себепті қазіргі уақытта осындай көптеген жобаға енгізілмей қалған жер телімдеріне коммуникация желілерін жүргізу үшін қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мен қалалық құрылыс бөлімі бірігіп, картаға енгізіп, жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін тізімдер жасақтауда.

1 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.