Атырау, 26 желтоқсан 12:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Ауқымды емес

– БАҚ-тарда Өзбекстан шабақтардың азығы мен суалып жатқан Арал теңізінің ауқымды тұзды алқаптарында құрылған косметологиялық өнеркәсіп үшін шикізат ретінде қолданылатын микроскопиялық үшкөзді шаян - артемия жұмыртқасын өнеркәсіптік дайындауды жолға қойды деген ақпарат шыққан еді. Облысымызда да сор жерлер жеткілікті. Ендеше тиімді өндірісті неліктен жолға қоймасқа? 20 қараша 2014, 00:00 1 931 просмотра
Сұрақ-жауап

Мүгедектің мүддесі

– Ұлым туа бітті жүйке сырқатымен ауырады, ІІ топ мүгедегі. Психологиялық диспансер есебінде тұр. 3 бөлмелі пәтеріміз бар, жекешелендіру келісімшарты 4 адамға, соның ішінде ұлыма да рәсімделген. Қызыма бір бөлігін беру үшін пәтерді қалай ауыстыруға немесе сатуға болады? Нотариус алдымен ұлымның жағдайын анықтап, соттан құжат алу керектігін айтады. Айтыңыздаршы, қайда барғаным жөн? Менің сотқа қатысу үшін адвокат жалдауға мүмкіндігім жоқ. 13 қараша 2014, 00:00 2 115 просмотра
Сұрақ-жауап

Ескек есу спортына қолдау қажет

– Балаларымыз каноэ мен байдарка есу секциясына барады. Бізге спортшылардың қандай жағдайда жаттығатынын көру өте ауыр. Қайықтар 14 жылдан бері жаңартылмаған. Қалалық спорт комитетіндегілер жазда жаңа байдаркалар алуға уәде берді, бірақ оларды ешкім де сатып алған жоқ. Біздің жаттықтырушымыз Андрей САФАРЯН балалар үшін өз қаржысына байдаркалар сатып алды. Спорт комитеті де спортшылардың сайысқа бару сапарларын құлықсыз қаржыландырады. Жаттықтырушыға бұл ақшаны әрең алуына тура келеді. Жазда балаларымыз Орал қаласына сайысқа барып, бүкіл дерлік жүлделі орындарды алып қайтты. 13 қараша 2014, 00:00 2 170 просмотра
Сұрақ-жауап

Жас отбасылар баспанасы

– Күйеуіміз екеуміздің екі баламыз бар, бірі – мүгедек. 2014 жылдың мамырында біз қалалық ТКШ бөліміне мемлекеттік бағдарламаға жас отбасы ретінде қатысуға өтініш берген едік. Тамызда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде өзіміздің төлем қабілетімізді растатып, сол жерден есепшот аштырдық. Құжаттарымызды тапсыру үшін қалалық ТКШ бөліміне келген кезде күтпеген жерден банктің бағдарламаға қатысушыларды шығарып жіберуге құқылы екенін білдік. ТКШ бөліміндегілер пәтерлерді жыл аяғында немесе келесі жылы бөле бастайтындығын хабарлады. 3 айдан бері әлі алынбаған баспана үшін ақша төлеп жатырмыз. Оны кешікпей алатындығымызға ешқандай сеніміміз жоқ. Пәтерлер қашан дайын болады? Адамдарға 2012 жылы пәтерлер беруге уәде беріп, тек 2014 жылы ғана берген жағдайларды білетін едім. 13 қараша 2014, 00:00 2 261 просмотра
Сұрақ-жауап

Мәртебе міндеттейді

– №16 мектеп лицей мәртебесін алды. Оқушыларды оқу орнының логотипі бар бірыңғай мектеп формасын тіктіруге міндеттеді. 11-сынып оқушыларына арналған жиынтық 9 мың теңге тұрады. Түлектерге бар болғаны бірнеше ай оқу қалды. Оларға мектеп бітіретіндіктен жаңа мектеп формасына тапсырыс бермеуіне бола ма? 6 қараша 2014, 00:00 1 804 просмотра
Сұрақ-жауап

Үлкен үзілістер

– Білім және ғылым министрлігінің үлкен үзіліс енгізу жөніндегі бұйрығы бойынша көптеген мектептер таңертеңгі сағат 8.30-да басталатын сабақ уақытын сағат 8-ге ауыстырды. Содан кейін ата-аналардың шағымдары бойынша кейбір мектептердің әкімшілігі бұрынғы кестеге қайта оралды. Осы бұйрықты орындау міндетті ме? 6 қараша 2014, 00:00 1 895 просмотра
Сұрақ-жауап

Лицейдің қандай айырмашылығы бар?

– Жақында біз жанында №16 мектеп орналасқан үйге көшіп бардық. Ұлымызды осы мектепке ауыстырғымыз келген. Бірақ бізге №16 мектептің лицей екенін, ол жерге емтихансыз қабылданбайтынын айтып, бас тартты. №31 және №20 мектепке қатысты да осындай жағдай. Осы гимназиялар мен лицейлердің қарапайым мектептерден айырмашылығын түсіне алмаймын. Оларға бұл мәртебені кім береді? Гимназиялар мен лицейлерге қандай талаптар қойылады? Менің пікірімше, еш айырмашылық жоқ. Жұмыс істейтін де сол мұғалімдер, сабақтар да бірдей оқулықтармен оқытылады. 6 қараша 2014, 00:00 8 396 просмотра
Сұрақ-жауап

Артық анықтама

– Компаниямыздың қызметкерлері балаларын мектепке беру үшін құжаттар жинаған кезде басқа құжаттармен қатар оларға жұмыс орнынан тек қызметтік лауазымы мен жұмыс өтілін ғана емес, жалақысы туралы анықтама беруді сұрайды. Біз осындай мағлұматтардың банктер үшін немесе виза алу кезінде орынды екеніне үйренгенбіз. Бірақ оқушылардың ата-аналарының жалақысы туралы ақпарат мектеп басшылығына не үшін қажет? Осы талап заңды ма? 6 қараша 2014, 00:00 2 185 просмотра
Сұрақ-жауап

Баспана бабы

- «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкіне» 18 жастан бастап салымшы болып, тұрғын үй кезегіне тұруға бола ма? Егер мұндай бағдарлама болса, оның талаптары қандай? Қандай құжаттар жинау керек? Оларды қайда тапсыру керек? 30 қазан 2014, 00:00 5 097 просмотра
Сұрақ-жауап

Жылуға жете алмай отырмыз

– Мен Абай көшесінің бойындағы №17 үйде бірінші қабатта тұрамын. 7 қазанда бізге жылу берді, ал біздің жылу құбыры тіреушеміздің бойындағы батареялар әлі салқын. Өйткені, 5-қабаттағы көршіміз жөндеу жұмыстарын жасап, оны аяқтамайынша, тіреушені ашпайтындығын айтып ескерткен еді. Енді оны таба алмай отырмыз. ПИК-ке, учаскелік инспекторға шағымдандық, қалалық әкімдіктің диспетчерлік бөліміне де қоңырау шалдық. Не істейміз, көмектессеңіздер екен? 30 қазан 2014, 00:00 1 977 просмотра
Сұрақ-жауап

Кезегіне сәйкес

– Мен ІІ топ мүгедегімін. Әзер қозғаламын, өзім ауданда тұрамын. Бір жыл болды, әкімнің қабылдауына кіре алмай келемін. Газетте көрсетілген облыс әкімінің қабылдауына жазып алатын телефон нөміріне қоңырау соғамын, бірақ бұл мүмкін болмады. Биылғы жылдың 25 шілдесінде әрең дегенде (облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары арқылы) қоңырауым жетіп, жазылдым. Бүкіл байланыс дерегімді қалдырдым. Бірақ маған ақыры ешкім хабарласқан жоқ. Әкімдіктің осыған жауапты мамандары неліктен өз міндеттемелерін орындауға салдыр-салақ қарайды? Мен секілді мүмкіндігі шектеулі жандар әкіммен қалай кездесе алады? 30 қазан 2014, 00:00 1 963 просмотра
Сұрақ-жауап

Еңбек өтілі жоғала ма?

- Мен сауда компаниясында 8 жыл жұмыс жасадым (2004 жылдан бастап) – сауда өкілі болып орналасып, кейін супервайзерлікке дейін көтерілдім. 2012 жылы декреттік демалысқа шықтым, 2014 жылдың мамыр айында жұмысқа қайта шықтым. 3 ай жұмыс жасаған соң өз еркіммен жұмыстан шығып кеттім. Енді еңбек кітапшамды толтырайын деп едім, бірақ компаниядағылар кітапшаға тек 2010 жылдан бері жұмыс жасады деп жазатындарын айтады. Себебі, 2010 жылы компания атауын өзгертіп еді. Кадр бөліміне 2012 жылы жаңа қызметкер келген, ол өздерінде тек 2010 жылдан бергі мәліметтердің сақталғанын айтады. Атауы өзгергенге дейінгі құжаттар, бұйрықтар, т.б. қағаздар жоқ. Енді не істеймін? Кімге, қайда барамын? 30 қазан 2014, 00:00 2 503 просмотра
Сұрақ-жауап

Түбіртек неге бермейді?

– Офтальмологиялық ауруханада анағұрлым қымбат операцияны жасауға мәжбүрледі, бірақ түбіртегін берген жоқ. Катарактаны тігісті сылу және катарактаны лазермен сылып тастау қанша тұратынын білгім келеді және неліктен түбіртек бермейді? 23 қазан 2014, 00:00 2 150 просмотра
Сұрақ-жауап

Қоршау ішіндегі спорт

– Өткен жылы педагогикалық колледж жанына тренажерлар орнатылды. Оны оқу орнының студенттері де, жақын маңдағы Азаттық даңғылы бойындағы №134, №136, №138 үйлердің тұрғындары да пайдаланатын. Таяуда колледж әкімшілігі осы тренажерларды қоршап тастады. Енді оқу орнының қарауылы бізге тренажерларда жаттығуға рұқсат бермейтін болды. Тренажерлардың колледжге ме, әлде қалаға ма, кімге тиесілі екенін анықтауға көмектессеңіздер екен. 23 қазан 2014, 00:00 2 058 просмотра
Сұрақ-жауап

Ескі шот бойынша

- «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінен» хат алдым, менің банкте есеп-шотым бар екен. Мен бұл шотты 2008 жылы ашқанмын, бірақ оған ақша салуға жағдайым болмады да, бос шот болған соң жабылып қалған шығар деп ойлағанмын. Енді ол шотпен не істей аламын? 16 қазан 2014, 00:00 2 015 просмотра
Сұрақ-жауап

Татуласу тоқтатылды

– Қаламызда өліммен аяқталған бірнеше атышулы жол-көлік оқиғасы орын алды. Қылмыстық істер қозғалды, куәгерлер бар, бірақ кісі өліміне кінәлі адамдарды «тараптардың ымыраласқаны үшін» деген   тұжырымдамамен бостандыққа жіберіп қояды. Олар қандай заң нормаларына сәйкес жазадан құтылып отыр? 16 қазан 2014, 00:00 1 762 просмотра
Сұрақ-жауап

Түтінмен тыныстап отырмыз

– Біздің отбасымыз Ескі әуежай маңында тұрады. Аптасына 2-3 рет қоқыс орны жақтан ащы түтін келеді. Сәбиіміз осы улы түтінмен дем алса болды, жөтеліп, алқына бастайды. Анамның түн болса, басы ауырып, лоқсиды. Сәбиімнің жөтелден булыққанына төзе алмаймын. Бірақ, өкінішке орай, оған көмектесуге дәрменсізбін. Біздің басқа қалаға кетіп қалуға мүмкіндігіміз жоқ. Бізді улауды қашан доғарар екен? 9 қазан 2014, 00:00 1 782 просмотра