Атырау, 27 желтоқсан 01:18
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Еңбек пайдалы болуы тиіс

2 104 просмотра

– Бесінші сынып оқушыларын мектепте өткізілетін сенбілік жұмыстарға тарту заңды ма?

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық білім беру бөлімінің бастығы Нұрсәуле САЙЛАУОВА жауап берді:

– «Қазақстан Республикасын-дағы баланың құқықтары туралы»  ҚР Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес, балалар 14 жастан бастап ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ, мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi. Осы баптың 4-тармағы бойынша, баланы оның денсаулығына қауіп төндіруі немесе білім алуына кедергі келтіруі не оның денсаулығына және дене бітімі, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген жұмысты орындауға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады.

23 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.