Атырау, 23 сәуір 22:37
 бұлттыВ Атырау +23
$ 518.07
€ 595.21
₽ 6.37

Шаралар алынуда

1 880 просмотра

– Жер телімдерін беруге мораторий күші қашан аяқталады? Бүкіл процедуралардан өттік, бізге тіпті жер телімі бөлінді, бірақ мораторий себепті біз оны жеке билігімізге ала алмай отырмыз.

Телефон арқылы

Сұраққа қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ жауап берді:

– «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын бекіту туралы №821 ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген массивтер тұрғын үй құрылысы басталғанға дейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі тиіс.

Осыған байланысты, президент тапсырмасы бойынша, тиісті инфрақұрылымсыз жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін бөлуге уақытша тыйым салынды. Қазір Атырау облысының елді мекендерінде жергілікті атқарушы органдар тиісті шаралар алуда. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін ұсыну елді мекендер тиісті инфрақұрылыммен толықтай жарақталғаннан кейін жалғасатын болады.

6 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.