Атырау, 27 желтоқсан 01:13
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Кезегіне сәйкес

1 963 просмотра

– Мен ІІ топ мүгедегімін. Әзер қозғаламын, өзім ауданда тұрамын. Бір жыл болды, әкімнің қабылдауына кіре алмай келемін. Газетте көрсетілген облыс әкімінің қабылдауына жазып алатын телефон нөміріне қоңырау соғамын, бірақ бұл мүмкін болмады. Биылғы жылдың 25 шілдесінде әрең дегенде (облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары арқылы) қоңырауым жетіп, жазылдым. Бүкіл байланыс дерегімді қалдырдым. Бірақ маған ақыры ешкім хабарласқан жоқ. Әкімдіктің осыған жауапты мамандары неліктен өз міндеттемелерін орындауға салдыр-салақ қарайды? Мен секілді мүмкіндігі шектеулі жандар әкіммен қалай кездесе алады?

Шағия ЕСМАҒАМБЕТОВА, ІІ топ мүгедегі, Махамбет

Сұраққа облыс әкімі аппаратының басшысы Ернар БАСПАЕВ жауап берді:

– Шағия Есмағамбетованы бұрынғы облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ та, қазіргі облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ те жеке қабылдады. Екі әкім де оған бірінші кезекте материалдық көмек көрсетті: Есмағамбетова немересі Әйгерім Семғалиеваның Қытай мұнай университетіндегі оқу ақысын төлеуді өтінген еді. Атап айтқанда, Ізмұхамбетов Есмағамбетовамен кездескеннен кейін 2013 жылдың 31 қаңтарында 500 мың теңге мөлшерінде оқу ақысын төлеуге тапсырма берді. Оқу ақысы 2013 жылдың наурызында толықтай төленді. 2014 жылдың 25 шілдесінде Ш.Есмағамбетова облыс әкімінің кезекті қабылдауына жазылды. Ол немересінің Қытайдағы оқуды аяқтауына байланысты жұмысқа орналастыруды өтініп отыр.

Әкімнің қабылдауына кіргісі келетін адамдардың көп болуына байланысты Шағия Есмағамбетованың әкім қабылдауына кезектілікке сәйкес, 2014 жылдың аяғында немесе 2015 жылдың басында кіре алатындығын хабарлаймыз.

30 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.