Атырау, 27 желтоқсан 00:51
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Түтінмен тыныстап отырмыз

1 782 просмотра

– Біздің отбасымыз Ескі әуежай маңында тұрады. Аптасына 2-3 рет қоқыс орны жақтан ащы түтін келеді. Сәбиіміз осы улы түтінмен дем алса болды, жөтеліп, алқына бастайды. Анамның түн болса, басы ауырып, лоқсиды. Сәбиімнің жөтелден булыққанына төзе алмаймын. Бірақ, өкінішке орай, оған көмектесуге дәрменсізбін. Біздің басқа қалаға кетіп қалуға мүмкіндігіміз жоқ. Бізді улауды қашан доғарар екен?

Марина С.

– Сәлеметсіз бе, Марина!  Қоқыс орны сіз суреттегендей аптасына екі немесе үш рет өртенбейді. Биыл қоқыс орны тек екі рет өртелді, осы жаз бойына бір рет. Ащы түтінге келер болсақ, сіздің ауданға өлшем жүргізіп, экологиялық кодекстің бұзылуын, сондай-ақ, ащы түтін ошағын анықтау үшін Атырау облыстық экология департаментіне шағымдануы-ңызды сұраймын. Қоқыс орнының жай-күйі бақылауға алынған және 2016 жылы жаңа қоқыс орнын ашу жоспарланды. Бұл учаске қаладан 19 шақырым жерде, Махамбет ауданындағы Атырау-Астрахан тас жолының маңында (көлік жолынан 3 шақырым шалғайда) орналасқан.

9 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.