– Бұрын Ресейге шыққан кезде 10 мың доллардан артық соманы декларациялау керек болатын. Осы ереже Кедендік одаққа байланысты жойылды ма?
Телефон арқылы
Сұраққа «Әуежай Атырау» кедендік бекеті ауысымының аға қызметкері Мұхамбетжан ҚАБИЕВ жауап берді:
– Валютаны шығарудың бұрынғы тәртібі енді тек үшінші елдерге ғана қолданылады. КО аясында Ресей мен Белоруссияға Қазақстан азаматтары валютаны шектеусіз шығара алады.