Атырау, 27 желтоқсан 00:54
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Татуласу тоқтатылды

1 762 просмотра

– Қаламызда өліммен аяқталған бірнеше атышулы жол-көлік оқиғасы орын алды. Қылмыстық істер қозғалды, куәгерлер бар, бірақ кісі өліміне кінәлі адамдарды «тараптардың ымыраласқаны үшін» деген   тұжырымдамамен бостандыққа жіберіп қояды. Олар қандай заң нормаларына сәйкес жазадан құтылып отыр?

azh.kz сайтынан

Сұраққа «Maximum» адвокаттық кеңсесінің аға серіктесі Айдос ИБРАЙМОВ жауап берді:

– Шынымен, қылмыстық істердің бұлай аяқталуына себеп бар. Өйткені, жақын уақытқа дейін ҚР Қылмыстық кодексінің «Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» деген 67-бабы болды. Онда  тараптар татуласса және келтiрiлген зиянның есесiн толтырса, іс міндетті түрде жабылуға тиіс делінген. Осы бап бойынша 2012 жылы сотқа дейін татуласқаны үшін 13,5 мың қылмыстық іс қысқарып, 2013 жылы қысқарған қылмыстық істер саны 34 мыңға жетті.

Алайда, 2014 жылдың 23 сәуіріндегі енгізілген өзгерістерге байланысты тараптардың татуласуы мүмкін болмай отыр. Өйткені, осы баптың ережесі абайсызда кісі өліміне немесе екі немесе одан да көп тұлғалардың өліміне әкелген қылмысты жасаған тұлғаларға, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қолданылмайды.

Сонымен қатар, қылмыстық істерді шешу кезінде 67-бап қолданылса, кінәлі тұлға арнайы құқықтарынан айыру түріндегі жазаның басқа түрлерінен босатылатын. Алайда, қабылданған өзгерістерге сәйкес, жүргізушілерге үш жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылу жазасынан құтылмайды. Бұл ҚР ҚК-нің 296-бабында айтылған. Бұл дер кезінде қабылданған өзгеріс және ол әділ сот төрелігі үшін керемет құралға айналады.

16 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.