– Қазір жоғары технология ғасыры. Ал, бізде қаланы тазалау үшін бұрынғыша өте ескі техника жұмыс істейді. Көшелерді сыпырғышпен сыпырады. Нәтижесінде қоқыс жиналып, тұрғындар шағымданады, қала лас...
Б. Мұқашев
– Техника паркін жаңарту жұмысы үнемі жүргізіліп отырады. Өз қаржымыздың есебінен 4 УАЗ, 1 «Нива» маркасындағы көлік, сондай-ақ, қоқыс орнында қолдануға арналған шынжыр табанды экскаватор сатып алдық. 15-20 адамның еңбегін алмастыра алатын арамшөптер мен қураған бұталарды шабатын машина алынды. Жаңалыққа келер болсақ, біз GPS жүйесін енгіздік. Ол техниканың жүру бағытына, сондай-ақ, отынның жұмсалуына бақылау жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, арнайы техниканың толымдылығын қосымша бақылау мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар массасын өлшеу үшін таразылар орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, орталық көшелерді тазалауға арналған 10 сыпырғыш қол агрегаттарын алуға тендер жарияланды. Сонымен қатар жеке сектордан тұрмыстық қалдықтарды тазалауға арналған тіркемесі бар 7 тракторды алу жоспарланды. Сондай-ақ, жеке компаниялардың бірінің біздің кәсіпорын алдындағы дебиторлық бережағы есебінен жеке секторға пластик контейнерлер қойылатын болады.
Сұрақтарға «Арнаулы автобаза» КМК директоры Мұратбек МАХАНОВ жауап берді.