Атырау, 27 сәуір 12:03
 бұлттыВ Атырау +17
$ 515.03
€ 584.82
₽ 6.24

Үлкен үзілістер

1 942 просмотра

– Білім және ғылым министрлігінің үлкен үзіліс енгізу жөніндегі бұйрығы бойынша көптеген мектептер таңертеңгі сағат 8.30-да басталатын сабақ уақытын сағат 8-ге ауыстырды. Содан кейін ата-аналардың шағымдары бойынша кейбір мектептердің әкімшілігі бұрынғы кестеге қайта оралды. Осы бұйрықты орындау міндетті ме?

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық білім беру бөлімінің оқу бөлімі секторының меңгерушісі Орынгүл ҚУАНДЫҚОВА жауап берді:

– ҚР үкіметі қаулысының 26-тармағына сәйкес, бірінші ауысымның сабақтары сағат 8-ден ерте басталмауы тиіс, ал екінші ауысым сағат 14-тен кеш басталмауы тиіс. Қалғаны мектеп әкімшілігінің өз қалауында. Сабақтар сағат 8-де және 8.30-да басталуы мүмкін. Үлкен үзіліс міндетті түрде болуы тиіс.

6 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.