Атырау, 27 желтоқсан 00:48
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Артық анықтама

2 185 просмотра

– Компаниямыздың қызметкерлері балаларын мектепке беру үшін құжаттар жинаған кезде басқа құжаттармен қатар оларға жұмыс орнынан тек қызметтік лауазымы мен жұмыс өтілін ғана емес, жалақысы туралы анықтама беруді сұрайды. Біз осындай мағлұматтардың банктер үшін немесе виза алу кезінде орынды екеніне үйренгенбіз. Бірақ оқушылардың ата-аналарының жалақысы туралы ақпарат мектеп басшылығына не үшін қажет? Осы талап заңды ма?

Телефон арқылы

Сұраққа«Слово Защиты» адвокаттық кеңсесінің заңгері Аслан ЖОЛБОЛОВ түсінік берді:

– Өзгеше жағдай екен, алайда мұндай талаптың заңсыз екені сөзсіз. ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы №633 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі қарастырылған.

Бұл тізімде мынадай құжаттар бар: қызмет алушы заңды өкілдің нақты мекен-жайы көрсетілген өтініші (еркін нысанда); қызмет алушының туу туралы куәлігінің (қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжатының) көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады); №086 нысанды денсаулығы туралы анықтама (медициналық төлқұжаты); 3х4 см көлемдегі 2 дана фотосуреті; педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссия қорытындысы (болған жағдайда).
Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады: шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты; азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның куәлігі; босқын – босқын куәлігі; пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі; оралман – оралман куәлігі. ҚР Үкіметі бекіткен аталмыш тізімнен мектеп қызметкерлерінің қандай да болмасын басқалай құжаттар талап етуге құқығы жоқ екенін көруге болады.

Егер мектепте қосымша құжаттар ұсынуды талап етуді қоймаса немесе құжаттарды қабылдаудан бас тартса, жоғарыда көрсетілген тізімге сәйкес, сіздің құжаттарды қабылдауға жауапты лауазымды тұлғаның әрекетін (әрекетсіздігін) мектеп басшысының атына немесе жергілікті атқарушы органға, мәселен, министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекен-жайлар бойынша облыстық білім беру басқармасына жазбаша түрде шағымдануға тиіссіз. Жергілікті атқарушы органның, қызмет көрсетушінің басшылығының тарапына азаматтардан келіп түскен осындай шағымдар олар тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиісті. Шағымдардың қаралу қорытындысымен немесе көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда кез келген азамат Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша сотқа жүгінуге құқылы.

6 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.