Атырау, 28 желтоқсан 07:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Газбен ойнама

1 862 просмотра

- Биылғы жылы аяз түскенде Атырау-2 ықшам ауданындағы газ қысымы кенет төмендеп кетті. Газ жанарғысындағы жалын көрінбейді. Үй іші салқын, кейбір бөлмелердегі температура 18 градусқа дейін түсіп кетті, балалар ауырып жатыр. Неліктен газ жоқ?
 

Аманбай

Биылғы жылдың қаңтарында қаладағы газ жүйесіндегі қысымның төмендігі туралы шағымдар редакцияға Атырау қаласының жер-жерінен – Балықшы ауылындағы Байжігітов көшесі мен Жерұйық ықшам ауданындағы Нұрғалиев көшесінің тұрғындарынан келіп түсті. 31 қаңтарда Г.Жәкиевадан СМП-136 ықшам ауданындағы №9 «а», 23, 24 үйлерде газдың ажыратылғандығы туралы хабарлама түсті. Біз облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВКЕ монополистің қызметіне тексеру жүргізу өтінішімен хат жаздық. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ақылбек БАЙШАХАНОВТЫҢ қолы қойылған жауап келді.
«Тұтынушыларды газбен қамту штаттық режимде жүргізіледі. Көрсетілген ықшам аудандарды «Атырауоблгаз» АҚ олардың болашақ дамуын есепке алмай газдандырған, яғни, газ құбырлары өткізгіштігінің гидравликалық есебі жүргізілмеген. Сонымен қатар, рұқсат беру құжаттарын тексеру кезінде СМП-136 ықшам ауданындағы №9 «а» және 23 үйлерді газбен жабдықтаудың техникалық орындау құжаттамасы жоқ екені анықталды, яғни, көрсетілген үйлер өз бетімен қосылған. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында жылу беру маусымы аяқталған соң аталған аудандағы тұрғындардың газбен жабдықтауға рұқсат беретін құжаттарын тексеру жоспарланып отыр.

27 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.