– Ұлым Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінде оқиды. 3 жыл бойына біз оқу ақысын төлеп, колледжге оқу ақысын төлегендігіміз жөніндегі түбіртек көшірмелерін тапсырып отырдық. Енді диплом берер алдында колледж әкімшілігі бүкіл түбіртектің түпнұсқасын беруді талап етіп отыр. Менің бергім келмейді, өйткені олардың жоғалтып алмайтындығына және төлегендігімнің дәлелін қайтадан сұрамасына сенімді емеспін. Заңгер колледждің түбіртектің түпнұсқасын талап етуге құқығы жоқ екенін растап отыр. Қайтсек екен?
Телефон арқылы
Сұраққа Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің директоры Бақытгүл ХАМЕНОВА жауап берді:
– Шамасы топ кураторы ақпаратты студенттер мен олардың ата-аналарына дұрыс жеткізбеген болуы керек. Түбіртектің түпнұсқасын тапсырудың қажеті жоқ. Оларды колледжге әкеліп, топ кураторымен және экономистермен бірге шоттарды салыстыру актісін жүргізуі керек. Колледжде оқу ақысын төлегендігі туралы банктен берілген көшірмелер бар. Бірақ көбінесе оқу ақысын төлеу жөніндегі бланкті толтырған кезде ата-аналар оған студент фамилиясынан өзгешеленетін өз фамилияларын жазып қояды.