Атырау, 28 желтоқсан 08:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Ұстаз бен шәкірт

2 213 просмотра

– Пәндік мұғалім балаларымыздың бағасын төмендетеді. Бұл шамданған сезім әсері емес. Балаларымыз осы пән бойынша репетиторлардан қосымша сабақ алады. Мектеп мұғалімі шешілген мысалдарды сызып тастап, шешудің басқа нұсқасын ұсынған барлық жағдайда репетиторлар онымен үзілді-кесілді келіспейді. Мектеп директоры пән мұғалімі бүкіл мектепте біреу дегенді алға тартып, проблеманы елемегенді жөн көреді. Осы жөнінде қалалық білім беру бөлімінде кімге шағымдануға болады? Мұндай мәселелер қалай шешіледі?

Ата-аналар

Сұраққа қалалық білім беру бөлімінің оқу ісі бөлімінің басшысы Орынгүл ҚУАНДЫҚОВА жауап берді:

– Ата-аналарға қалалық білім беру бөлімі басшысының атына хат жазу керек. Бір ай ішінде шағым қаралады. Қажет болса, жетекшілік ететін әдіскерді тартып, арнайы комиссия құрылатын болады.

Осындай мәселелерді шешуге келер болсақ, өкінішке орай, қалалық білім беру бөлімінің мамандары мұның әдетте қалай болатынын естеріне түсіре алмады. Соңғы жылдары ата-аналардан мұндай шағымдар мүлдем түспеген. Бәрі директорға арызданғаннан кейін мектеп деңгейінде шешіледі немесе жүйкелерін жұқартқысы келмейтін ата-аналар балаларын басқа мектептерге ауыстырып алады екен.

13 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.