Атырау, 28 желтоқсан 07:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Бекіткенімен, қызмет көрсетпейді

1 668 просмотра

– Біз бүкіл отбасымызбен Алмагүл ықшам ауданындағы №7 қалалық емханаға бекітілгенбіз. Мен №7 емхана қызметін пайдалану үшін мекенжайымыз бойынша тиесілі №2 емханадан есептен шығаратын талонды әдейілеп алдым. Қызым алты айлық. Педиатр дәрігер бірнеше мамандардан, соның ішінде хирургтан тексеруден өтуге кеңес берді. Емхананың тіркеу бөлімінде бізді маманның қабылдауына жазудан бас тартып, оныњ ақылы екенін – 1 200 теңге тұратынын мәлімдеді. Егер мен осы амбулаторияға тіркелген болсам және педиатрдың жолдамасы бар болса, неліктен дәрігердің тексеруі үшін төлеуім керек?

Екатерина

Сұраққа №7 емхананың бас дәрігері Ғазиз ЕСҚАЛИ жауап берді:

– Бұл отбасы мекенжай бойынша №2 емханаға тиесілі болса да, біздің емханамызға тіркелген. Өкінішке орай, 15 қарашадан 10 ақпанға дейін бүкіл ел бойынша бекітілген тұрғындарды тіркеудің автоматтанған бағдарламасы жабылып қалды. Біздің қызметкерлеріміз компьютер бойынша осы сәбиге біздің емханамызда қызмет көрсетілетіндігін бірден тексере алмады. Бағдарлама енді тұрғындар бұрынғыдай жылына екі рет емес, бір рет қана емхананы таңдай алатындықтан жабылып қалды. Бұл қаржыландыру көлемінің бекітілген тұрғындарға байланысты түсетіндігіне қатысты болып отыр: алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем осы емханада тіркелген пациенттерді емдеуге кісі басына 680 теңге есебімен қажетті мөлшерде қаржы алады. Осылайша, 15 қарашаға дейін бүкіл Қазақстан бойынша бекітілген тұрғындардың тізімі жиналады. Ал 10 ақпанға дейін қаржы бөлу жүргізіледі. №7 емханаға мекенжай бойынша 42 мың адам тиесілі, ал 33 802 пациент бекітілген. Емханаға бекітілген барлық пациент үшін дєрігерлерден тексеруден өту тегін, сонымен қатар өз емдеу мекемелеріндегі мамандарға жолдама бойынша қаралатын науқастар үшін тегін кеңестер жүргізіледі. Осылайша, қыз баланы хирург тегін ќарайды.

20 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.