- Егер бұдан он жыл бұрын ресімделген пәтерді сыйға тарту шарты жоғалып кетсе, не істеу керек? Оны қалпына келтіруге бола ма?
Егер біздің мәмілемізді белгілі уақыт бұрын ресімдеген нотариусқа қояр сауалдарымыз пайда болса, алайда ол қазір бұл қызметпен айналыспайтын болса, кімге барып жүгінуге болады?
Телефон арқылы
Сұраққа Атырау облыстық нотариалдық палатаның төрағасы Гүлнәр МАСАТОВА жауап береді:
- Егер нотариус берген сыйға тарту шарты немесе басқа да құжаттар жоғалған жағдайда әділет департаментінің тіркеу бөліміне хабарласу керек. Ол жерде сәйкесінше өтініш толтырасыз және соның негізінде сізге жоғалған құжаттың төлнұсқасы беріледі.
Екінші сауалға келсек, егер нотариус нотариалдық палата құрамынан шықса, оның барлық құжаттамалары АХАТ маңында орналасқан мұрағаттау бөліміне тапсырылады. Мұндай жағдайлар туралы мәселелерді анықтау үшін сол жерге баруларыңыз керек.