Атырау, 28 желтоқсан 07:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Салтанатты қозғалыс

1 829 просмотра

- Егер көлік Қазақстанға 2013 жылдың соңында әкелініп, тек 2014 жылдың қаңтарында ғана кедендік тексеруден өтcе, әзірге ішкі істер органдарына тіркелмеген үлкен көлемді қозғалтқышы бар автокөліктерге салық қалай есептеледі? Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гүлжан ҚАРАҒҰСОВА 2013 жылғы 27 қараша күнгі «Автомобили» басылымына берген сұхбатында былай дейді: «Жаңа мөлшерлемелер тек 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы тіркеу рәсімдерінен өте бастаған көліктерге ғана қатысты болады. Яғни, 3 000 текше см-ден жоғары көлемі бар көлік құралдарына салынатын жаңа салық салу мөлшерлемесі Қазақстанға 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген жеңіл автокөліктерге салынады. Бұл енгізілген жаңалық Жол полициясы органдарына 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін тіркелген көліктерге, олар тіпті 2014 жылы және әрі қарай кері сатылса да, қолданылмайды». Бұл жерде бір түсініксіз жайт – мәселенің анықтаушы факторы ретінде автокөліктің ҚР аумағына кіргізу күні алына ма, әлде кедендік тазарту және жол полициясы органдарына алғашқы тіркелу күні белгілене ме?

Сұрақ azh.kz сайтынан алынды

Сұраққа Атырау облысы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары Айгүл ЫРЗАҒҰЛОВА жауап береді:

- ҚР «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 367-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өндірілген (дайындалған немесе жиналған) немесе ҚР аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген 3 000 текше см-ден артық қозғалтқыш көлемі бар жеңіл автокөліктерге салықты есептеу АЕК-пен көрсетілген мөлшерлемелер бойынша жүзеге асады: 3 000 - 3 200 текше см – 35 АЕК, 3 200 - 3 500 текше см- 46 АЕК, 3 500 - 4 000 текше см - 66 АЕК, 4 000 - 5 000 текше см - 130 АЕК, 5 000-нан жоғары текше см - 200 АЕК. 

Салық Кодексінің 276-6 бабына сәйкес, келесілер тауарды ҚР аумағына әкелген күні болып есептеледі: тауарларды әуе немесе теңіз кемелерімен тасымалдау кезінде - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әуежайға немесе портқа әкелген күн; тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күн болып табылады. Бұл ретте ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон көшірмесінің) негізінде айқындалады, оның нысанын және ұсыну тәртібін уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесе отырып белгілейді. Тауарларды халықаралық және мемлекетаралық темір жол көлігі қатынасымен тасымалдау кезінде - ҚР Үкіметі белгілеген шекара маңындағы бірiншi өткізу пунктiне (стансасына) әкелген күн. Сондай-ақ, Салық Кодексінің 368-бабына сәйкес, Салық төлеушi салық салу нысандарын, әрбiр көлiк құралы бойынша салық мөлшерлемесін негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.

6 наурыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.