– Мектептен келетін оқушы қызымның шашынан әлсін-әлі бит-сірке тауып аламын. Мектеп басшылығы хабардар, бірақ ешқандай реакция жоқ, тазалаңдар дейді. Айтыңыздаршы, мұндай жағдайда қайда хабарласу керек?
Телефон арқылы
Сұраққа Атырау қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасының (МСЭҚБ) басшысы Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ жауап берді:
– Тері-венерологиялық диспансердің дерматолог дәрігері Бекмағамбетова осы мектепке визуалды тексеру жүргізіп, педикулезді анықтамады. Оқушылардың гигиенасы жөніндегі санитарлық ережелердің сақталуын қадағалауды қалалық мемлекеттік санитарлық қадағалау басқармасының балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы бөлімі жүзеге асырады.
Оқушылар арасынан педикулез анықталған жағдайда, дамудың кез келген сатысында (жұмыртқа, дернәсіл, үлкен жәндіктер) дезинсекциялық биттермен күрес шаралары жүргізіледі.
2013 жыл мен 2014 жылғы қаңтар аралығында МСЭҚБ-да педикулез анықталған жағдай тіркелмеген.
Балаларынан бит-сірке тауып алған ата-аналар тері-венерологиялық диспансердегі дерматологқа қаралуы тиіс.