– Мен Молдағалиев, 26 мекенжайында тұрамын. Бізге Алма ТВ-дан келіп, бәрін сандық пакетке көшіретіндігін айтты. Сандық пакетке қосылу үшін олардан 10 мың теңгеге жаңа немесе 5 мың теңгеге бұрын пайдаланылған қабылдағышты сатып алу керек. Біріншіден, ажыратып, сандық пакетке ескертпестен көшіретіндігі ызаландырады. Ақысы төленуі керек бұл қандай қабылдағыштар?
Телефон арқылы
Сұраққа Алма ТВ Атырау филиалының абоненттік бөлімінің бастығы Венера СҮЙІНДІКОВА жауап берді:
– Сандық пакетке көшу туралы біз өз абоненттерімізді 2 ай ішінде хабардар еттік. Сандық пакетке біз рұқсатсыз қосып алмас үшін көшкелі отырмыз. Бақылаушыларымыз мұндай жағдайды жиі кездестіреді. Осының салдарынан кескін сапасы төмендеп кетеді. Бұған клиенттеріміз жиі наразылық білдіреді. Сандық пакеттің сапасы анағұрлым жақсы, бақылау жасалады. Біз «Эконом-пакет» – 1200 тг, «Стандарт» – 1800 тг және «Престиж» – 2650 тг пакеттерін ұсынамыз. Бағасы арналар санына байланысты.
Қабылдағыштарға келер болсақ, үш нұсқасын ұсынамыз: 5 мың немесе 10 мың теңгеге сатып алу, жалға алу (жылдық жалдау ақысы 1800 теңге) және үшінші нұсқасы, егер абонент осы соманы бірден төлей алмаса, онда жалға алу сомасын 12 айға бөле аламыз. Сонда ай сайынғы жалға алу ақысы 150 теңге болады, оған пакет үшін ай сайынғы абоненттік төлемді қосыњыз.
Молдағалиев, 26, 28 және 30 мекенжайындағы үйлер бұрынғы жатақхана болғандықтан, ол жерде пәтер жалдаушылар өте көп. Егер абонент пєтер жалдаушы болса, оған міндетті түрде бұрын пайдаланылған қабылдағышты сатып алып, кепілге төлемақы қалдыру керек. Осылайша біз өзімізді сақтандырамыз. Өйткені ол кез келген уақытта басқа қалаға кетіп қалуы мүмкін. Бұрын пайдаланылған қабылдағыш үшін клиенттер қорықпасын. Олардың сапасы жақсы, егер проблема туындаса, біз оларды ауыстыра аламыз. Бүгінде абоненттеріміздің 80 пайызы сандық пакетке көшірілген.