Атырау, 6 қараша 10:20
 дождьВ Атырау +0.1
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53

Тыныштық керек

3 108 рет қаралды

– Жыл сайын ерте көктемнен бастап, күз аяқталғанша бізге, Крупская көшесі мен Студенческий көшесінің тұрғындарына түн болса тыныштық жоқ: жастар көлікпен жарыс ұйымдастырады. Дөңгелектердің дыбысы мен көліктердің сигналдары дұрыс тынығуға мүмкіндік бермейді. Соңғы рет стритрейсерлер сағат 2.00-ден 4.00-ге дейін жарысып, ал жанкүйерлер тобы «Қане! Қане!» деп ұрандатып, шулаған еді. Біз ЖПБ кезекшісіне әлденеше рет қоңырау шалдық, бірақ ешқандай шара алынған жоқ.

Телефон арқылы

Сұраққа ІІД ЖПБ Жол-патруль қызметі бөлімшесінің бастығы Талғат МАРДЕНОВ жауап берді. Оның айтуынша, түнгі уақытта сигналдар беру мен жылдамдықты арттыруға қатысты қаланың түрлі аудандарынан шағымдар түсіп, ереже бұзушылар жазаланады екен.

– Біз бұл шағымды қаперге алып, учаскені бақылауға аламыз, - деп сендірді ол.

4 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.