Атырау, 16 сәуір 16:38
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Тыныштық керек

1 814 просмотра

– 2012 жылдың қазанында пәтер сатып алған едік.  Қоныс-танғанымыз сол еді, бізді Каспий банктен қоңырау шалып, мазалай бастады, олар борышкерді іздейді екен. Біз әлденеше рет банк қызметкеріне олар іздеген адамның бұл пәтерде ешқашан тұрмағанын түсіндірдік. Бірақ қоңыраулар толастар емес. Бізді жайымызға қалдыру үшін не істеуге болады?

Н. М.

Сұраққа Kaspi bank басқарушы директоры Павел МИРОНОВ жауап берді:

– Сіздің телефоныңызға банктің немесе коллекторлық компаниялардың қызметкерлерінің қоңырау шалу себептері бірнешеу: несиелік өтінімді ресімдеген клиент сауалнама мәліметтерін қате толтыруы мүмкін; менеджер телефон нөмірін жазып алған кезде қателескен болуы ықтимал; клиент өзінің байланыс нөмірін көрсетіп, мекен-жайын өзгертуі мүмкін. Сізге былай жасаған жөн:

1. Ұялы телефон арқылы банк-тің қаржылық кеңесшісіне 9999 нөміріне (қоңырау шалу тегін) қоңырау шалып, осы жағдай туралы хабарлаңыз. Қызметкерлер демалыссыз тәулік бойына жұмыс жасайды.

2. klientplav@kaspibank.kz электронды поштасына хат жазыңыз.

3. Сіз сонымен қатар банктің www.kaspibank.kz ресми сайтына кіріп, сол жерге өз хабарламаңызды қалдырыңыз. Сізбен таяу арада клиенттерді қолдау қызметінің қызметкерлері хабарласып, қажетті кеңес береді немесе проблеманы шешуге көмектеседі. Банк қызметкерлері ақпаратты тексереді, жаңсақтық фактісі расталған жағдайда сіздің байланыс нөміріңіз дерекқордан алынып тасталады.

20 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.