Атырау, 20 сәуір 15:51
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Плавикс» тек жүрек ауруларына тиесілі

2 044 просмотра

– Менің сирақ-тобық буыныма шунтирлеу операциясын жасады. Мен «Плавикс» препаратын тегін алуға құқылымын ба?

Телефон арқылы

– Қарашаның аяғында жүрегіме шунтирлеу операциясын жасаған еді. Сол айда маған «Плавикс» препаратын тегін берді. Кардиолог оны үнемі қабылдауға тиіс екенімді айтты.  Препарат маған тегін тиесілі, бірақ 6 айдан (өткен жылдың желтоқсанынан) бері оны өзіме сатып алуға тура келіп жүр. Айына оған 20 мың теңгедей ақша кетеді, ал зейнетақым – 30 мың теңге. Неліктен №4 емханада бізге тиесілі өмірлік қажетті препаратты бермейтін болған?

Валентина КОВАЛЁВА

Сұрақтарға облыстың бас терапеві Алмагүл ҚАБДРАХМАНОВА жауап берді:

– Бірінші жағдайда тегін «Плавикс» препаратымен тек жүрек-қан тамырлары жүйесі сырқатымен ауыратын пациенттер ғана қамтылады. Сирақ-тобық буынын шунтирлеген жағдайда бұл дәрі тегін препараттар тізіміне енбейді. Жүректі шунтирлеуге келер болсақ, мұндай жағдайда пациенттер препаратты өмір бойына алуға тиіс. Мемлекет пациенттерді өмірлік қажетті препаратпен қамтамасыз етуді өз мойнына алып, оны мемлекеттік тегін медициналық көмек көлемінің тізіміне енгізді.

Жыл басында «Плавикске» қатысты проблемалар орын алған болатын. Келісімшартты ұзартып, қаржыларды аудару және тағы басқа ресімдеу шаралары қажет болды. Алайда наурыздан бастап облыс пациенттерін осы дәрмекпен үздіксіз қамту жұмыстары реттелді. Пациент өзі есепте тұрған кардиологына немесе мекенжайы бойынша емхананың бас дәрігеріне жолығып, тиісті емін алуға болады.

16 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.