Атырау, 20 наурыз 15:01
 ашықВ Атырау +9
$ 460.79
€ 490.51
₽ 6.02

Шаш ал десе,бас алған

2 010 просмотра

Құрманғазы аудандық санэпид қадағалау бөлімінің мамандары «органдардан» ауданға Ресейден сақталу мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдері келіп түсті деген хабарлама алып, 20 тексеру жүргізген. Барлығы да заңсыз болып шықты.

Бұл туралы облыстық прокуратураның өкілі Асылан НҰРҒАЛИЕВ брифингте хабарлады. Алынған ақпаратты нақты мекенжай бойынша анықтаудың орнына, СЭС қызметкерлері бірден 20 дүкенді қатар тексерген. Нәтижесінде 20 жоспардан тыс тексеру тағайындау туралы акті және 20 әкімшілік іс тоқтатылды. Ал аудандық СЭС бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері прокуратура кәсіпкерлер құқығын қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына 26 тексеру жүргізген, 59 актінің күші жойылып, өзгертілген, 34 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.