Атырау, 13 қыркүйек 04:26
 ашықВ Атырау +23
$ 477.13
€ 525.85
₽ 5.24

Артық төленген төлем

1 926 просмотра

–1 сәуірден бастап айына бір адамға шаққанда 3 текше метрден аспайтын су тұтынатын тұрғындарға арналған тариф 28,7 теңге/текше метрді құрайды. Біздің үйде 4 адам есепке тіркелген. Бір ай ішінде 9 текшедей тұтыныппыз, оны бізге 60,15 теңге тарифпен есептеді. Неге бұлай? 

Бигелдинов көшесі, 31-үй тұрғындары.

Бізге «АтырауСу Арнасы» КМК-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, абоненттен төлем қабылдаған қызметкерлер қателесіп, 60,15 теңге тарифімен есептеген екен. Кейінірек түзету енгізілді. Енді артық төленген сома – 252 теңге есепшотта кредиторлық бережақ ретінде белгіленген. Су көлемі бойынша сомаларды есептеген барлық қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал кәсіпорын абоненттен кешірім сұрайды.

6 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.