Атырау, 5 қазан 11:21
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

50 пайыз бәріне тиесілі емес

1 654 просмотра

– Мен ІІ топ мүгедегімін, әдетте автобустарға мінгенде жолақының 50 пайызын төлеймін. Бірақ Еркінқалаға баратын №52 маршрутта мүгедектігім туралы куәлігіме қарамастан менен үнемі 65 теңге жолақы алады. Кондукторлар өздерінің маршруттарында жеңілдіктер қарастырылмағанын айтады.

Рахила Есенғалиева

№52 маршрутқа қызмет көрсететін «Айдын и К» ЖШС директоры  Оразалы АУЫЛБАЕВ жауап береді:

– Біздің маршруттарда тек Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, сондай-ақ, саңырау-мылқау және соқыр жандар үшін жеңілдіктер қарастырылған. Алайда осы маршрутты үнемі пайдаланатын Рахила Есенғалиева үшін біз жеңілдік жасауға дайынбыз. Ол өзінің куәлігін кондукторларға көрсетсе жеткілікті, олардың барлығына бұл туралы ескертілді.

17 қазан 2012, 21:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.