Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Шеберге арналған жұмыс көлемі

3 079 просмотра

– Қолданыстағы нормалар мен нұсқаунамаларға сәйкес өндірістік оқыту шеберінің сағаттық мөлшерлемесі қандай? Мәселен, біздің колледж оқытушысының мөлшерлемесі – 780 оқу сағаты, ал өндірістік оқыту шеберлеріне 1200 сағат белгілеген. Осы заңды ма?

Тағы бір жайт: өткен жылы өндірістік оқыту шеберлеріне 17 000 теңге мөлшерінде үстеме ақы тиесілі делінген қаулы шықты. Бірақ әлі күнге дейін бізге ештеңе төленген жоқ, бізге үстеме ақы тиесілі ме, әлде олар жойылды ма?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық білім беру басқармасының бастығы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ жауап берді:

- Бірінші сұрақ бойынша, «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 Қаулысына сәйкес, өндірістік оқыту шеберлері мен аға шеберлер педагогикалық қызметкерлер емес, педагог қызметкерлерге теңестірілген тұлғалар боп табылады. Сондықтан олар үшін «ҚР білім беру туралы» заңмен апталық педагогикалық жұмыс мөлшері белгіленбеген.

«Еңбек туралы» Кодекстің 82-бабының 2-тармағы бойынша алты күндік жұмыс аптасында күн сайынғы жұмыс ұзақтығы (жұмыс ауысымы) апталық 40 сағат норма бойынша 7 сағаттан аспайды. 

Үстеме ақыға келер болсақ, ҚР үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы №150 қаулысының негізінде барлық өндірістік оқыту шеберлеріне базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде - 17 697 теңге төлеу жүзеге асырылады.

17 қазан 2012, 21:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.