Атырау, 27 желтоқсан 01:26
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Бәрі тірі болуы керек

2 848 просмотра

- Менің 6 баламның біреуі 20 жасында қайтыс болды. Балаларымның біреуі тірі емес деп, маған «Күміс алқа» белгісін рәсімдеуден және жәрдемақы төлеуден бас тартып отыр. Бірақ ол кәмелеттік жасқа толып, маған байланысты емес жағдайда қайтыс болды ғой.

Лариса Тудакова

Сұраққа қалалық әкімдіктің кадр қызметі бөлімінің бастығы Рабиға ЖАЛМҰХАНОВА жауап береді:

– «Күміс алқа» мен «Алтын алқаны» алуға алты немесе жетінші баласы бір жасқа толған аналар өтініш бере алады. Бұлар туған балалары ма, әлде заңды түрде асырап алынған балалар ма, маңызды емес. Бастысы – марапаттау кезінде балалардың бәрі тірі болуы керек. Бірақ Отан мүддесін қорғау кезінде немесе басқа да қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болғандар немесе хабар-ошарсыз кеткендер; дүлей апат кезінде, адам өмірін немесе материалдық құндылықтарды құтқару жөніндегі азаматтық парызын орындау кезінде қаза болғандар; аталмыш жағдайда алынған жарақаттардың, зақымданудың немесе сырқаттың салдарынан қайтыс болғандар; еңбек жарақаттарын алу немесе кәсіби сырқат салдарынан қайтыс болғандарға қатысты артықшылық беріледі.

Марапат алуға құжаттар тапсыру үшін қалалық әкімдіктің №303 кабинетіне келу қажет, телефоны 27-09-47. Өзімен бірге жеке бас куәлігі, барлық балаларының туу туралы куәлігінің және азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері болуы керек.

10 қазан 2012, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.