Атырау, 19 сәуір 08:34
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Мүгедектікті әлеуметтік қорғау бөлімінде анықтайды

1 754 просмотра

– Менің жүрегіме ота жасалып, жасанды жүрек қарыншасын салды. Мен мүгедектіктің қай тобына жатамын? Және маған күтім жасап жатқан адамға қандай да бір жеңілдіктер бар ма?

Телефон арқылы

Мүгедектік жөніндегі мәселе бойынша түсінік алу үшін біз халықты әлеуметтік қорғау департаменті директорының дәрігерлік-әлеуметтік сараптама жөніндегі орынбасары Гүлнәр МЕҢДІҒАРИЕВАҒА жолықтық: –Біз мүгедектікті сырттан анықтай алмаймыз. Науқас 4 ай бойына өзінің емдеуші дәрігерінің бақылауында болуы тиіс. Кейін, егер қандай да бір белгілер байқалған болса, дәрігер оны бізге жібереді. Оқырманымыз дәрігердің жолдамасымен бізге келсін, біз оны толық тексеруден өткіземіз, кардиограммаға түсіріп, сол  мәліметтердің  негізінде мүгедектіктің қандай тобына жататындығын анықтайтын боламыз.  Күтім жасаушы адамға қандай жеңілдіктер бар деген мәселеге келетін болсақ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлер мен мүгедектер бөлімінің бас маманы Қарлығаш ДӘУЛЕТОВАНЫҢ айтуынша, жеңілдік тек І-топ мүгедектеріне жеке көмекші түрінде ғана, жеке оңалту көмекшісінің қорытындысы негізінде ғана тиісті болады.

19 қыркүйек 2012, 22:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.