Атырау, 26 желтоқсан 16:11
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Үш ай сусыз отыр

1 752 просмотра

Біз, Запорожский өткелі тұрғындары, сусыз отырғанымызға  3 айдай уақыт болды. Осы уақытқа дейін көшенің басынан тасып әкелеміз. Тозығы жеткен темір тұрбаны пластикалық тұрбаға ауыстырамыз деп ауыз судың берілуін тоқтатқан еді. Күн салқындап, жылу қосатын уақыт та жақындап келеді. Су неге берілмей жатыр? Қашан беріледі?

Телефон арқылы

«Атырау Су Арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ:

- Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің тапсырысы бойынша, Атырау қаласының сумен жабдықтау және су бұру нысандарын күрделі жөндеу жоспарына сәйкес, бас мердігер «ЦентраСтрой ЛТД» ЖШС құрылыс мекемесі Запорожский өткелі бойындағы Д-100 мм және ұзындығы - 400 метр су құбырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлаймыз.

Су құбырын күрделі жөндеу кезінде Запорожский өткелі мен Станционная көшелерінің қиылысындағы су құбыры құдығына өткел тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су алатын кран орнатылған.

Су құбырын күрделі жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарын 2012 жылдың 25 қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарланып отыр. Нысанды пайдалануға беруге іске қосқаннан кейін Запорожский өткелінің тұрғындарына олардың жазбаша тапсырыстары бойынша жаңадан жүргізілген полиэтилен су құбырына қосылуға рұқсат құжаттары берілетін болады. 

26 қыркүйек 2012, 22:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.