– Неліктен «Атырау Су Арнасы» жеке сектордан есептегіш бойынша су пайдалану үшін төлемақы алу кезінде тұтынылған текше метр суға сәйкес септик үшін де төлемақы есептейді? Жеке секторда орталық кәріз жүйесі жоқ қой, біз өз септигімізді пайдаланып отырмыз. Ал септик үшін біз ағын суларды сорып алатын ваккум машиналарын жалдап, 3-4 мың теңгеден төлеп отырмыз.
Самал ықшамауданындағы жеке сектор тұрғындары
«Атырау Су Арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ түсінік береді:
– Сумен қамту және ағын суларды бұру қызметін ұсыну жөніндегі типтік келісім-шартқа, сондай-ақ, қолданыстағы елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесі мен Атырау қаласы әкімдігінің 11.06.2008 жылғы №650 шешіміне (17-тармағына) сәйкес, «ағын сулары септикке құйылатын және әрі қарай қалалық кәріз жүйесіне көшетін абоненттер үшін су шығыны тұтынылған судың тең мөлшерімен белгіленеді».