Атырау, 9 қараша 18:22
 ашықВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Сотта диктофон қолдануға рұқсат

2 122 просмотра

– Жақында мен жауапкер ретінде азаматтық іске қатысамын. Дау кәсіпкерлік қызметке байланысты. Мен сот мәжілісінің барысын диктофонға жазып алуға құқылымын ба?

Телефон арқылы

Сауалға заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА жауап береді:

– ҚР Азаматтық іс-жүргізу кодексінің 19-бабы, 8-тармағында: «Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар» делінген. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейнетаспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін.

19 қыркүйек 2012, 22:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.