Атырау, 20 шілде 15:36
 ашықВ Атырау +31
$ 533.61
€ 621.07
₽ 6.78

Жол келесі жылы болуы мүмкін

2 408 рет қаралды

– Біз Атырау қаласының Қайыршақты округінің Томарлы поселкесінде Аманжол Оралов көшесінде тұрамыз. Биыл көшемізге тек қиыршық тастар төгіп, ал асфальтты ақыры төсеген жоқ. Көршілес Жұлдыз және Геолог-2 тұрғын үй массивтеріндегі жолдар асфальтталған.  Біздің көшемізге кезек қашан келеді?

Телефон арқылы

Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ жауап береді:

– Биыл Томарлы поселкесінде Ермұханов, Колхозный, Әжіғалиев, Наурызбек, Абай-2, Жұмағалиев көшелерін және Смағұлов көшесінің учаскесін асфальттау жоспарланып отыр. А.Оралов көшесі тұрғындарының тілегі 2013 жылдың жол құрылысы жоспарын жасау кезінде ескерілетін болады.

17 қазан 2012, 21:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.