Сұрақ-жауап Интерактивтік иірімдер - №2 мектептің 1-4 сынып оқушылары үшін ең болмағанда бір интерактивті сынып ашуды неліктен созбалап келеді? 25 сәуір 2012, 20:24 5 571 просмотра
Сұрақ-жауап Қосымша кепілдіктің керегі бар ма? - Осыдан екі жыл бұрын мен тұрмыстық техникалар сататын дүкеннен шаңсорғыш пен кір жуатын машина сатып алдым. Сатушылар маған кез-келген ақау үшін тауарды ауыстыруға дейін мүмкіндік беретін 2 жылға қосымша кепілдікті рәсімдеуге ұсыныс жасады. Мен әрбір кепілдік үшін 9 мың теңге шамасында ақша төледім. Сатушылар қолданылмаған кепілдікті сондай бағадағы кез-келген тауарға ауыстыра алатындығыма сендірген болатын. Екі жыл өткеннен соң, дүкен әкімшісі маған пайдаланылмаған кепілдік сомасына тек шығын материалдарын ғана ала алатындығымды мәлім-деді. Ал, бұл заңды ма? Оның үстіне мен кейін белгілі болғанындай мұны кепілдік мерзімі бітуге дейін екі күн қалғанда (бұл келісім-шартта ұсақ шрифпен жазылған, олар маған ауызша ескерткен де жоқ) жасауға тиісті екенмін. 25 сәуір 2012, 19:28 1 743 просмотра
Сұрақ-жауап Тексерілу тегін - Онлайн-конференция кезінде облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Клара МҰҚАШКЕРЕЕВА педагогтарды медициналық тексеруден өткізу бюджет есебінен төленетіндігін айтқан еді. Ендеше, неліктен өз қаржымыздың есебінен медициналық тексеруден өтіп жүрміз? 25 сәуір 2012, 19:27 1 705 просмотра
Сұрақ-жауап Жасына қарай - орыны - №6 балабақшада жөндеу жұмыстарына 600 теңге жинап жатыр, ал жөндеу жұмыстарынан кейін балаларымызды басқа топқа ауыстырады. 2011 жылдың жазында топтың қорына 5000 теңгеден ақша жинап, осы ақшаға сплит жүйесін, телевизор, DVD, шаңсорғыш, ойыншықтар, стендтер және т.б. сатып алып, балалар бөлмесін жарақтап қойған едік. Енді біздің балаларымызды басқа орын-жайға ауыстырған кезде, стендтер мен сплит-жүйелерді қалдыруға тура келеді. Ешкімнің де бұл шығындарды өтемейтіні түсінікті, өйткені ақшаны өз еркімізбен жинаған едік. Бізді басқа топқа қандай негізде ауыстырып жатқанын білгіміз келеді? 25 сәуір 2012, 19:26 1 862 просмотра
Сұрақ-жауап Аулаға – күзет - Біздің Азаттық даңғылындағы №59 үйдің ауласына үнемі жастар жиналып шу көтереді, ішімдік ішіп, бір-бірімен төбелеседі. Бірнеше рет учаскелік инспекторға шағымдандық, бірақ ол біздің ауланы үнемі күзетіп отыра алмайды ғой. Тұрғындар бейне бақылау камерасын біздің ауламызға орнату туралы өтініш бере ала ма? Ол үшін қайда барған жөн? 25 сәуір 2012, 19:25 1 633 просмотра
Сұрақ-жауап Тест тапсыруға тура келеді - Ұлымның сыныптастары 9-сыныпты аяқтағаннан кейін колледждерге түскісі келеді, ал ұлым білімін мектепте жалғастырғанды қалайды. Жақында мектеп директоры 10-сыныпта оқығысы келетіндерге басқа мектепке ауысуға тура келетінін, өйткені ең болмағанда бір 10-сыныпта оқу үшін оқушылар саны жетіспейтіндігін айтты. Не істейміз? 25 сәуір 2012, 19:24 2 446 просмотра
Сұрақ-жауап Мектептегі психологтың міндеті - Мектептің педагог-психологының жұмысы қандай нормативтік құжаттармен реттеледі? Қандай маман мектеп психологы боп жұмыс істей алады. Оның негізгі ставкасына қосымша сағаттар тиесілі ме? Егер тиесілі болса қанша? Оның 1,5 ставкасы бар болса, жұмыс уақыты ішінде алмастыру бойынша қосымша сағаттар алуға құқығы бар ма? Өйткені ҚР Еңбек Кодексі бойынша алты күндік жұмыс аптасындағы жұмыс күнінің ұзақтығы 7 сағат құрайды ғой. 25 сәуір 2012, 19:23 32 810 просмотра
Сұрақ-жауап Мүлік жағдайы нешік? - Жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу үшін нақты бір мерзімдер белгіленгендігі туралы естідім. Ол мерзімдер қандай және жалпы ондай тіркелуден өту не үшін қажет? Ондай тіркеуден өтпеген болса, қандай келеңсіздіктер туындайды? Одан өту үшін қайда бару керек? 25 сәуір 2012, 19:21 2 263 просмотра
Сұрақ-жауап Режимдік нысан - Пәтерді жалға беру үшін дара кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес. Алайда мұндай жағдайда салық 10 пайыз құрайтын болады. Егер дара кәсіпкер боп тіркелсе, онда салық аз болады. Жылжымайтын мүлікті жалға берудің қандай режимі болады және қайсысы тиімді екенін толық түсіндіріп берсеңіздер? 18 сәуір 2012, 19:10 4 396 просмотра
Сұрақ-жауап Мерзімі өтпейтін жәрдемақы - Жақында өлі туылған сәбилерге де нәрестенің дүниеге келуіне байланысты берілетін жәрдемақы төленетінін білдік. Мәселе мынада, біздің тұңғышымыз босану кезінде шетінеп кеткен еді. Екінші сәбиіміз туылған кезде жәрдемақыны рәсімдегенде, бізге ешкім ол туралы айтқан жоқ. Оны қазір ала аламыз ба? 18 сәуір 2012, 19:08 3 932 просмотра
Сұрақ-жауап Әкелік атаққа ер адам ғана ие - Сәбиіме әкесінің атын емес, анасының, яғни өзімнің атымды бергім келеді. Осы мүмкін бе? 18 сәуір 2012, 19:06 1 830 просмотра
Сұрақ-жауап Қайта есептеу жүргізілмейді - Өткен жылы бізде пәтерде тұрушылар саны көбейді. Бірақ біз «АтырауЭнергоСатуға» бұл туралы хабарлауды ұмытып кеттік. Отбасының жаңа мүшесі тіркелген сәттен бастап бізге қайта есептеулер жүргізе ме? 18 сәуір 2012, 19:02 1 950 просмотра
Сұрақ-жауап Сіріңке қажет емес! - Супермаркеттерде ақша қайырғанда көбінесе сіріңкелер береді, бірақ олар чектерге соғылмайды (бұл қайтарылған ақша есебінде ғой дейді). Әлі күнге дейін 1 қорап сіріңкенің қанша тұратынын түсіне алмай келемін. Кейде оны 2 теңгенің, кейде 5 теңгенің орнына береді. Ал бір күні маған қайтарылатын ақша ретінде тауық бульонының кубигін берді. Бұл сұранымсыз тауарды өткізу ме сонда? Мен бір күні кассирге ұсақ ақшаның орнына сіріңке бермек болдым, олар бізбен осылай есептеседі ғой. Бірақ олар мені түсінген жоқ. 18 сәуір 2012, 18:40 2 355 просмотра
Сұрақ-жауап Шетелдіктерге арналған жәрдемақы – 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей, Белоруссия және Қазақстан арасында жасалған Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі заң күшіне (одан әрі – Заң) енді. Осы заңға сәйкес Ресей, Белоруссия және Қазақстан азаматтары қайда тұратынын, қай жерде білім алатындығын, еңбек ететіндігін өз еркімен таңдай алады... 11 сәуір 2012, 17:53 2 493 просмотра
Сұрақ-жауап Ал музыка әуелейді – Менің шағын ғана кафем бар. Оны арасында түрлі шаралар – той, мерейтой өткізуге жалға алып отырады. Кафеде музыканттар жоқ, оны той иелерінің өздері – музыканттары мен бишілерін шақырады, кейде өздері де ән салады. Мұндай жағдайда мен бұл шараларда қандай әндердің орындалатындығын білместен авторлық және аралас құқықтар төлемақысы үшін келісім-шарт жасауға тиістімін бе? 11 сәуір 2012, 17:51 1 855 просмотра
Сұрақ-жауап Қош бол, қару! – Мен өткен жылдың мамыр айында Махамбет аудандық ІІБ-не өзімнің марқұм болған ағам Ғаббас ҚУАНОВТЫҢ тапаншасын тапсырған болатынмын. Соған тиесілі сыйақымды қашан ала аламын? 11 сәуір 2012, 17:49 2 640 просмотра
Сұрақ-жауап Тізімде жоқ – Мен Абай көшесіндегі 60-шы жылдары салынған 18-а үйде тұрамын. Көшеден үйдің балконына қарасаң, көзге опырылып түсердей болып көрінеді. Біздің үйіміз күрелетін үйлер тізімінде бар ма? 11 сәуір 2012, 17:47 1 974 просмотра
Сұрақ-жауап Дауласпас үшін түбіртек бермеді – «Атаба» супермаркеттерінің желісінде несиелік карта немесе аудару арқылы сауда жасаған кезде неліктен түбіртек берілмейді? Түбіртек талап еткен соң сатушылар сатып алынған заттардың жалпы сомасы көрсетілген құжатты ғана береді. Онда бағасы көрсетілген барлық тауар тізімі жоқ. Ал, егер қандай да бір тауар сапасыз болып шықса, оны мен дүкенге қандай негізге сүйеніп кері қайтара аламын? 11 сәуір 2012, 17:44 2 254 просмотра
Сұрақ-жауап Сол дауысқа ғашықпын – Бәлкім, мұным дұрыс емес шығар, бірақ мен Kcell ұялы байланыс операторының «шақырылып отырған абоненттің аппараты сөндірулі... және т.б.» деген сервистік хабарламасын айтатын әйел дауысына ессіз ғашықпын. Бұл қыз кім екен? 4 сәуір 2012, 19:26 2 052 просмотра
Сұрақ-жауап Мұғалім болғым келеді – Жоғары білімім бар, қазір декреттік демалыстамын. Мектепке жұмысқа шыққым келген. Мектептегі сағат бойынша төленетін төлемақы қандай екен? Менің санатым да, жұмыс өтілім де жоқ. 4 сәуір 2012, 19:24 4 917 просмотра
Сұрақ-жауап Қарақшылар мен табынушылар – Енді интернеттен фильмдерді жүктеп алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуы мүмкін деп естідім. Осы рас па? 4 сәуір 2012, 19:23 2 312 просмотра
Сұрақ-жауап Шекараның өз талабы бар – Самара мен Орал қалаларының арасындағы шекарадан төлқұжаттық бақылаудан өту процедурасына түсінік берулеріңізді сұраймын. Өз басымнан мынадай жағдай өтті: шекарадан өткен кезде маған талонды рәсімдеуді (хаттама толтырумен қатар) ұсынды. Әрі қарай өз қалама барған кезде жеке пайдалану үшін Ресейден сатып алған тауардың 12 пайызы мөлшерінде қосымша құн салығын төлеуім керек екен. Қазақстан мен Ресей бірыңғай Кедендік Одаққа біріккендіктен бұл ұсыныс мен үшін түсініксіз болды. 4 сәуір 2012, 19:21 1 669 просмотра
Сұрақ-жауап Медициналық тексеру – ақылы – Немерем жұмысқа орналасатын боп, медициналық тексеруден өтуі тиіс болатын. Мекен-жай бойынша №2 емханадағылар оған әр дәрігерден тексеруден өту 800 теңге тұратынын айтқан. Бірақ ол әлі жұмысқа орналасқан жоқ қой. Бұл жұмыс берушінің талабы. Неліктен әлі жұмысқа орналаспаған адам ақша төлеуі тиіс? 28 наурыз 2012, 19:28 2 157 просмотра
Сұрақ-жауап Балабақшаға баруға асығамыз – Сәбиім 2 жаста, мемлекеттік балабақшаға кезегіміз әлі келген жоқ. Оны жеке балабақшаға бергім келіп отыр. Балалары жеке балабақшаға баратын ата-аналардың шығындарын мемлекет өтейді деп естідім. Осы бағдарлама бойынша бір сәбиге арналған айлық шығын 18 000 теңге құрайды екен. Қаржыландыру қандай сызбамен жүзеге асырылатынын толық білгім келеді. 28 наурыз 2012, 19:27 2 451 просмотра
Сұрақ-жауап ПИК-тің міндеті қандай? – Меншік иесі, егер онымен ПИК арасында келісім-шарт жасалмаған болса, пайдалану шығындарын төлеуге міндетті ме? ПИК міндетіне не кіреді, біз қандай қызметтерді талап етуге құқылымыз? 28 наурыз 2012, 19:26 3 208 просмотра